Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті

Аймақтар
29.05.2026, 08:29
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келген «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Амангелді Төреғожин, бас менеджер Назира Көшкімбаева және бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов аймақтағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар-кеңес өткізді.

Жиын барысында теміржолшылардың техникалық және еңбек қауіпсіздігін арттыру, ұжымдық ынтымақтастықты дамыту, сала қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын назардан тыс қалдырмау, кәсіподақ ұйымдарының жұмысы мен теміржолшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.  

Қоғамдық бірлестік тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өткен Амангелді Төреғожин барлық шаралардың салалық ұжымдарда тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылдың 10 қыркүйегінде ұйымның кезекті XI съезі жоғары деңгейде өтіп, содан бері нақты жұмыс жоспары қабылданған. Қазіргі таңда басты мақсат – осы съезде қабылданған шешімдерді іс жүзіне асыру, бастауыш ұйым төрағаларының жұмысын үйлестіру.  

– Бүгінгі таңда Қызылорда өңіріндегі әлеуметтік тұрақтылық оң деңгейде. Бұл ретте «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметовтің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол жергілікті басшылықпен, филиалдармен және ұжымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Жалпы бірлестік пен өңірлерде жергілікті бастауыш ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылып, жұмыс тұрақты жасалып жатыр. Бастауыш ұйым төрағаларына арнайы құжаттар, Жарғы және ережелер аясында толық ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ондағы мақсат – төрағалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алдағы жұмыстарын кедергісіз, жүйелі жалғастыруына жағдай жасау, – деді төраға орынбасары.  

Сонымен қатар жиында кәсіподақтың негізгі құралдарын халықаралық стандарттарға сай түгендеу (инвентаризациялау) мәселесі де сөз болып, бұл бағыттағы жауапкершілік күшейтілгені айтылды. Кәсіподақ тек өндірістік емес, әлеуметтік блокты да назардан тыс қалдырмай, жиынға арнайы шақырылған мәдениет және спорт саласы, кітапхана, мұражай қызметкерлері мен тілшілер қауымымен ортақ істерді ширату көзделіп отырғандығы да баса айтылып, жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.  

– Біз ұйымдастыру бөлімі болғандықтан, ешбір құрылымды, ешбір қызметкерді назардан тыс қалдырмаймыз. Әрдайым бірге жұмыс істеуге әзірміз. Сіздер тарапынан кез келген ұсыныс-пікірлерді, түйткілді мәселелерді бірлесе шешуге дайынбыз, – деп атап өтті Амангелді Есенбайұлы.  

Жыл басынан бері кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен 7 ірі іс-шара өткізілген. Олардың қатарында қысқы және көктемгі турлар, бастауыш ұйым төрағаларына арналған 5 маңызды семинар, кәсіптік бағдар беру бойынша 2 іс-шара, мобилография құпияларын үйретуге арналған семинар, сондай-ақ әйелдер кеңесінің арнайы отырысы мен білікті сарапшылардың қатысуымен өткен оқу-семинарлары бар.  

Сонымен қатар Амангелді Төреғожин өткен жылғы есептік-сайлау конференцияларында көтерілген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын айтты.  

– Хаттамаға енген ұжымның талаптары мен жұмысшылардың пікірлерін жазып, шкафқа салып, ұмытып кетуге жол бермейміз. Әрбір хаттаманың орындалуы қатаң бақылауда болады. Алдағы уақытта Келісу комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімдерінің келуіне байланысты, оларды қайта оқыту мен біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастырамыз, – деді.  

Жиын барысында қаржылық құжаттарды қалыптастыру және оны мақсатты жұмсау мәселесіне де назар аударылды. Әрбір бастауыш ұйым төрағасына қаражатпен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік екені, әрбір тиынға есеп сұралатыны ескертілді.  

Әрі қарай Кәсіподақтың ұйымдастыру, кадр, ақпарат және халықаралық жұмыстар жөніндегі бас менеджері Назира Көшкімбаева ҚБ бастауыш ұйымдары туралы Ереже мен Жарғы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік ережелері бойынша заңнамалық талаптар мен атқарылуы тиіс міндеттерді, өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін нығайтудың жолдарын жан-жақты талдады.  

Семинар-кеңеске қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері бұл басқосудың пайдалы да тиімді болғанын жеткізді.  

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді