Вагон тазалау қызмет қосылды

Аймақтар
03.06.2019, 20:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тау-кен байыту комбинатына күнара 50-60 вагон тазартып беретін Дөң станциясының жұмыс көлемі бүгінде 10 есеге ұлғайған. 2020 жылы станция Хромтау өндірісті ауданынан күніне 200 вагон хром рудасын тиеуді жоспарлап отыр.

Хромтау ауданының іргесінде орналасқан Дөң станциясы – өңірдегі жұмыс көлемі ауқымды бірден-бір станция. Қазақстан теміржолы бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отырған өндірісті аумақ болашақта жұмыс көлемін ұлғайтпақ. Мекемеде 70-тен аса адам жұмыс жасайды, оның 30 пайызын жастар құрап отыр.

«Негізінен хром тиеу жұмысымен айналысамыз. Күніне 150-200 вагон руда тиеледі. Ақпан айынан бастап вагон тазарту жұмыстарымен айналысатын қызметкерлеріміздің санын көбейтік. Бұрын штатта 9 адам болатын. Қазір «Қазтеміртранс» вагондары көбейді. Жұмыс көлемі ұлғайды. Сол себепті штатқа тағы да 12 адам қостық. Барлығы 21 адам вагон тазарту жұмыстарында жүр. Штатта 72 қызметкер бар. Олардың қатарында пойыз құрастырушы, станция кезекшісі және вагон тазалаушылар бар», – дейді Дөң станциясының басшысы Әнуар Иштаев.

Білгеніміздей, жүк тиелмес бұрын, сатылап вагон тазарту жұмыстары жүргізіледі екен. Осыған дейін тиелген көмір, тас қалдықтар тазартылып, Дөң тау-кен байыту комбинатына беріледі. Тазалықшылар күні-түні жұмыс жасайды. Әр кезекте 5 адамнан. Бес адамның өзі бір кезекте 50-60 вагон тазалап шығады. Келген жүктің тазалығына байланысты 90 вагонға дейін тазартатын кездер болады. Сондықтан вагон тазалау жұмысының өз қиындығы мен жауапкершілігі бар. Ал станциядағы жұмыс жылдан-жылға көбейіп келеді. 

«Бұрын зауыттың өз вагондарына тиеп, тек тасымал қызметін атқаратын едік. Қазір Қазтеміртранс вагондарымен жұмысқа көшкеннен кейін вагондарды өзіміз тазалап беріп отырамыз», – дейді басшы.


Станцияда айына 4500 вагонға жүк тиеледі. Негізінен тасымал қазір үш бағытта, Павлодардағы Ақсу бөлімшесі, Россияның Оносова станциясы және Жіңішке бөлімшесіне жөнелтіледі. Себебі бұл өңірлерде хром қорыту зауыттары бар. Дөң станциясы 2020 жылға қарай жүк тасымалын бірнеше есеге көбейтуді жоспарлап отыр. Күніге 200 вагон жүкті жіберу үшін жол кеңейту жұмыстары да күн тәртібінде тұрған көрінеді.

«Жүк көлемі 8-10 есеге артады деп жоспарлануда. Осы талапқа дайын болуымыз керек. Қазір қабылдаужөнелтуге арналған алты жолымыз бар. Күніге 200 вагон жүк жіберу үшін кемі 8 жол болу керек», – дейді өткен жылы облыс бойынша үздік станция бастығы атанған Әнуар Иштаев.

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды