Шиелі станциясы рекорд жаңартты

Станция тынысы
06.11.2025, 10:39
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің оңтүстігінде орналасқан Шиелі станциясы – аймақтың өндірістік тынысын ұстап тұрған, өңірдегі кәсіпорындардың теміржол көлігіне деген сұранысын үздіксіз қанағаттандырып отырған маңызды нысан.  

Станцияның тынысы ешқашан саябырсыған емес. Тәуліктің қай мезгілі болмасын қозғалыс бір тынбайды. Әр ауысым өз міндетін мінсіз атқаруға тырысады.  

– Жыл басынан бергі көрсеткіштеріміз 102 мен 171 пайыз аралығында орындалып отыр. Мысалы, жұмыс паркінің 310 вагонға бекітілген жоспары бүгінде 181 вагонға дейін жеткізіліп, 171 пайыздық жоғары нәтиже көрсетті, – дейді станция бастығы Ғалымжан Ізбасханұлы.  

Айтуынша, транзитті жүк вагондарының құжаттарын рәсімдеу кезінде 11,07 сағатқа белгіленген бос тұру межесі 10,83 сағатқа дейін қысқартылған. Бұл көрсеткіш те бекітілген жоспардың 102 пайызға орындалғанын көрсетеді. Осындай нәтижелер – станциядағы маневрлік тепловоздың тиімді жұмысы мен пойыз қозғалысын үйлестіріп отырған тәжірибелі мамандардың ерен еңбегінің арқасы.

Шиеліліктердің тағы бір мақтанышы – осы уақытқа дейін пойыздық, маневрлік, қабылдап-жөнелту жұмыстары кезінде бірде-бір рет қозғалыс тәртібінің бұзылуына жол берілмеген.  

Мұнда әр қызметтің өз реті, өз жүйесі бар. Станция кезекшілері келетін пойызды алдын ала біліп, дайындықты бастайды. Олар пойызды қабылдаған сәттен бастап құжаттарын рәсімдеуге кіріседі. Сол мезетте пойыз құрастырушылар мен жүк қабылдап-тапсырушылар да өз жұмыстарына кірісіп, жүктің қауіпсіздігі мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Тауар конторының қызметкерлері әр жүктің құжатына мұқият қарап, қателікке жол бермейді. Ал парк кезекшілері тәулік бойы қай пойыз қай жолда, қай вагонға башмақ қойылғанын, қандай жөндеу немесе жоспарлы жұмыс барын анықтап, дер кезінде хабарлап отырады.

Міне, осылайша Шиелі станциясында әр минут есепте, әр сәт жауапты. Мұндағы әрбір қызметкер өз еңбегін жоғары бағалайды.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда