Қауіпсіздік айлығы: теміржол бойында профилактикалық шаралар жүріп жатыр

Қауіпсіздік
07.11.2025, 08:55
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ҚТЖ-да 14 қазан мен 14 қараша аралығында темір жолдағы тасымалдау процесінің қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын күшейту мақсатында арнайы айлық жарияланып отыр.

Осыған байланысты тиісті құрылымдар қауіп-қатердің алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Әрине, қозғалыс қауіпсіздігіне темір жолдың барлық құрылымдары мен желілік полиция бөлімдері де жауапты. Дегенмен, бұл ретте бірінші кезекте «Әскерилендірілген теміржол күзеті» қызметіне қойылар талаптар күшейе түседі.  

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін темір жолдың салалық құрылымдары басшыларының ықпалдастығы аса қажет дейді. Әрбір жұмысшыға қызметтік куәліктерін бірге алып жүру керектігі ескертілсе, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге кедергі туындамайтынын алға тартты.  

Қазір әскерилендірілген күзет қызметкерлері жол бойындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін профилактикалық іс-шараларға жұмылдырылған. Айлықтың алғашқы екі аптасында темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен тұрғындарға ескерту жасалып, сала мамандарының қызметтік куәліктері тексерілген.  

– Филиал директоры Еркін Мүсілімовтің басшылығымен диспетчерлік қызметтерді, желілік полиция органдарын, әскерилендірілген күзет және шұғыл әрекет ететін оңтайлы топтың құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл фактілері туралы хабардар етудің өңірлік схемасы әзірленді. Осы жоба бойынша күзет қызметкерлерінің әрқайсысына жадынама таратылып, міндеттері түсіндірілді. Бастапқы 15 күнде бірқатар азамат ескертулермен шектелді. Егер темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өту фактісі тағы қайталанатын болса, айыппұл салынады. Жалпы бүгінгі күнге дейін 288 адамға ескерту берілді, – дейді шұғыл әрекет ететін оңтайлы топтың бастығы Шохан Қасымов.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты