Қызылордада көзбояушылыққа жол жоқ

Аймақтар
15.08.2019, 09:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолшылары жыл басынан бері телімдерден өткен пойыздар ішінен 16 пойызды құрылғылардың көрсетуі бойынша тоқтатып, себебін 100 пайыз дәлелдеген. Ал жыл басынан бері КТСМ құрылғыларымен 102 935 пойыз бақылаудан өткен.

КТСМ құрылғысының нысанасына ілінген пойыздардың 2-уі локомотив буксының қызуынан, 10 пойыз букстың кінәратынан, 4 жағдайда доңғалақ жұбының тежелуі салдарынан тоқтатылып, екі вагон құрамнан ажыратылған.

Жалпы, дистанциялықтар күнделікті және әр ай сайын басшылық тарапынан белгіленетін нормативтік, кәсіби тапсырмаларды орындауда кемшіліктің жіберілмеуіне аса мән береді. Өйткені бір теміржолшының кінәсінен кеткен ағаттық бүкіл дистанцияның жұмыс көрсеткішіне кері әсер ететінін жақсы біледі. Сондықтан дистанциялықтар жылдың қай мезгілі, қай күні болмасын, тіпті шілденің 60 градусқа жеткен ыстығында да жұмыстарын бір сәтке де тоқтатқан емес. Жыл басынан бері ақау, апат, оқиға секілді жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлардың орын алуына жол бермей, телім бойында байланыс құрылғыларының бабын жасауда. Ескіні жамап, жаңаны ұқсатып, бар күш-жігерлерін қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға арнаған дистанция теміржолшылары СОБ, ВОЛС, радиорелелік радиобайланыс, КТСМ және желілік байланыс жүйелеріне күнделікті ағымдық күтім жасап, олардың техникалық талапқа сай кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуде.

– Біздің дистанцияның төрт жүз шақырымнан асатын пайдалану аумағындағы байланыс құрылғыларының күнделікті кідіріссіз жұмыс жасауы үшін теміржолшылар аянып жатқан жоқ. Телімдердегі байланыс құрылғылары, СОБ, автобұғаттау нысандары, диспетчерлік және электрлік орталықтандыру желілері және өзге де құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауы жұмысымызға сын болады. Сондықтан байланыс тетіктерінің талапқа сай жұмыс жасауы үшін таза жұмыс жасап, көзбояушылыққа жол бермеуге тырысамыз, – деді дистанцияның техникалық бөлімінің басшысы Ақшагүл Күрбенова.

Бөлім басшысы ұсынған мәліметтерге қарап дистанциялықтардың байланыс құрылғы-ларының маневрлік және пойыздық қозғалысы барысында жұмыстан тыс қалуына жол берілмегенін байқауға болады. Керісінше, өздеріне бекітілген міндеттердің кемшіліксіз орындалуына күш салып, құрылғылардың техникалық бабымен жұмыс жасауын барынша қамтамасыз етуге тырысқан. Мәселен, құрылғылардың сенімді жұмыс жасауы үшін маусым және шілде айларында телімдердегі қуаттаушы панелдердің дені бақыланып, тексеруден өткізілген.

Дистанцияның Шиелі, Тартоғай, Қараөзек, Керкелмес, Жалағаш, Жаңақорған, Жайылма, Бөрітескен, Төменарық және өзге де станцияарында 138 дана ТМ блогындағы КПТШ трансмиттері ауыстырылған, 20-бекет пен Белкөл станцияларында бағыттамалық бұрмалардың ППРЗ-5000 құрылғысы жаңартылған екен. Жалағаш, Тереңөзек, Ақмая, Қызылтам, Аққұм, Қаракеткен, Талап, Шиелі бекеттерінде МТ-2, МТ-1 релелерінің 12 данасы ДИМ-1RWD тетігімен алмастырылған.

Сонымен қатар байланыс құрылғыларына күтім жасаудың кешенді жоспары шеңберінде дистанциялықтар МСП/МСТ электр қозғалтқыштарының 83 данасын, СП-6 электр жетегінің 27 данасы жөндеуден өткізілген. 370 дана апатты жағдайдағы аккумулятор ауыстырылған. Төрт станцияда АЛСН құрылғысының сенімді жұмысын арттыру үшін сәулелі ЛУ релесін іске қосу, релелік дешифратордың сызбасын қорғау, ИМШ релесінің жұмысын сенімділігін арттыру секілді кешенді жұмыстар жүргізілуде.

– Дистанция аумағында байланыс құрылғыларының техникалық талапқа сай жұмыс жасауы үшін бәріміз жауаптымыз. Сондықтан құрылғыларға күнделікті, ағымдық және кешенді күтіп-баптау, жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Ескісін өзіміздің жөндеу шеберханамызда қолда бар тетіктермен жаңалап, жамап-жасқап пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, олардың телімдерден кідіріссіз өткізілуі үшін жұмыс жасаудамыз, – дейді бөлім басшысы.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады