Маңғыстауда өткізілген екі айлық шараның нәтижесі

Аймақтар
17.07.2020, 10:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Маңғыстауда өткізілген екі айлық шараның нәтижесінде бірқатар құрылымдық бөлімшелер бойынша маңызды міндеттер жүктейтін шешімдер қабылданды. Аталған екі айлық «Жұмысшылардың білім деңгейін арттыру – қозғалыс ревизорларының негізгі қызметі» және «Абайла, маневр!» деп аталған еді.

Бұл міндеттер айлық шаралар аясында анықталған кемшіліктерге қарай және жұмыс процесін одан әрі жетілдіру мақсатында жүктеліп отыр.

Атап айтар болсақ, пойыз қозғалысымен байланысты барлық құрылымдық бөлімшелер басшыларына профилактикалық бағытына қарай пойыздық немесе маневрлік қозғалыстар кезінде қызметтік сөйлесу мазмұны толық тыңдау регистраторының актілері көшірмесімен қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар басшылық деңгейде қызметтік сөйлесулердің толық мәтіндегі регистраторын тыңдағанда пойыздық және маневрлік мынадай операцияларға ерекше мән беру керектігі айтылды: яғни, пойызды станцияда қабылдап алу сәті, пойыз құрамын бекіту кезі, локомотивті пойыздан ажыратып алу тұсы, пойыздық локомотивтің пойыз құрамынан депоға дейінгі маневрлік қозғалысы, пойыз локомотивінің құрамға тіркелуі, тежегіш табандарды жинау, пойызды станциядан жөнелту сәті, міне, осы операцияларды тиісті сала қызметкерлері қалай жүзеге асырғанын қызметтік сөйлесу регистраторында жазылып қалған сөйлесулер арқылы бақылау керек.

Бұған қоса басшылар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі мәселелерді шешу бойынша жұмыстарда басым бағыттағы істердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Мәселен, қозғалыс шаруашылығы бойынша соқтығысулар мен жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуінің алдын алу, бағыттама бұрмаларының кесіктері, станцияда құрамдарды сенімді бекітуді қамтамасыз ету, қауіпті жүктер тасымалы мен маневрлік жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, темір жол көлігіндегі негізгі мамандықтар жұмысшыларын кәсіби іріктеу үшін техникалық құралдар енгізу, оларды дайындауда жүйені жетілдіру, біліктілікті арттыру, қызметтік сөйлесулер тәртібін сақтау сынды бағыттарға басымдық берілуі тиіс.

Локомотив шаруашылығы бойынша тыйым салынатын сигналдар бар жерден өтуді тоқтату, маневр кезінде жылжымалы құрамның соқтығысуы мен жолдан шығып кетуінің алдын алу, пойыз жүргізуге және тежегіштерді басқаруға бақылауды жетілдіру сынды талаптар бар.

Сол сияқты вагон шаруашылығында құрамға сапалы техникалық қызмет көрсету, тежегіш магистралінің шеткі крандары бар пойыздарды жөнелтуді тоқтату, автотежегіштердің қыста және жаздағы сенімді жұмысын арттыру, автотізбекті, бүйір жақ пен жүретін бөлікті бақылау, вагон паркінің сақталуы сынды міндеттер бар. 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында