Айлық жұмыс - алты сағатта

Аймақтар
18.08.2020, 11:48
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бәсекеге қабілетті елдер қатарындағы Қазақстан үшін көлік жүйесінің маңызы зор. Елімізде теміржол желісін жаңарту, қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдықты арттыруда үлкен міндеттер қойылып отыр. Бұл бағытта Ақтөбе бөлімшесінде де бірқатар жұмыстар жүзеге асуда.

Ақтөбе жол дистанциясы басшысының орынбасары Дархан Орынбаевпен жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатқан телімге барып, сол жұмыстарға куә болып қайттық.

«Еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын азайту мақсатында инновациялық технологиялар кеңінен енгізілуде. Мұның өзі жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартып, жүк және жолаушы тасымалы көлемін өсіруге игі ықпалын тигізуде. Қазір бізде жұмыс жасап жатқан «УНИМАТ» техникасының көмегімен кезінде айлап жасаған жұмысты алтыақ сағатта тәмамдауға мүмкіндік бар. Барлық жұмыс компьютерлік бағдарламамен жасалады. Техниканың ішінде әр жабдыққа жауап беретін маманы бар. Техника жүріп өткеннен кейін қолмен де өлшеп тексеріп, ауытқулардың жоқтығына көз жеткізіп отырамыз. Алға, Ақкемер, 41 разъезд, Бестамақ елді мекендерінің айналасындағы теміржолдарды қысқа дайындап жатырмыз», – дейді Дархан Орынбаев.

Бұл күнгі жоспар – 6 сағатта 2 шақырым жолды дайындау. Бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың денін бүгінде осындай жоғарғы өнімді алып техника жасуда.

Алға және Бестамақ станциясы арасындағы теміржол бойының 1829 шақырымы және 1827 шақырымында шпалдарды көтеру, қиыршық тас төсеу жұмыстары жүріп өтті. УНИМАТ техникасымен бұрмалы бағыттар қалай тегістелгенін көзбен көрдік.

Пойыз қозғалысына кедергі келтірмеу үшін дистанция мамандары мұндай жұмыстарды жаз бойы жасап жатыр екен. Австриялық «УНИМАТ 6181» техникасы елімізде 2014 жылдан бері қолданыста.

Оның негізгі қызметі – шпалдарды көтеру, түзету. Қажет тұсқа қиыршық тас салып, айналасын сыпырып өзі тазартады. Мамандардың айтуынша, елімізде қазір мұндай 5 техника бар.

«Алып техниканың жұмыс көлемі сағатына 300-400 метр жерді толық жөндеп шығады. Техника басында бар болғаны алты адам ғана жүреді. Машинаны басқаратын маман, 3 машинист және екі көмекші. Күн салқындағанда бұл техниканың жұмысы тоқтайды. 10 градус аязға дейін ғана жұмыс жасаймыз», – дейді алып машинаны ұршықтай үйіріп жүрген маман Артур Молдағали.

27 жастағы жас маман 2012 жылдан бастап теміржол саласында жасайды. Австриялық техниканы меңгеруді Павлодар қаласындағы оқу орталығында үйренген. Ақтөбе бөлімшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының басықасында жүрген тәжірибелі жол шебері Нұрлан Жұматаев – 35 жылдық тәжірибесі бар маман.

«Бұл – 1974 жылы салынған жол. Күтіп ұстаудың арқасында 46 жыл жұмыс жасап тұр. Келесі жылы осы тұста күрделі жөндеу жұмыстары өтеді. Пойыз қозғалысына осы тұста сағатына 60 шақырым жылдамдық бекітілген, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін жылдамдық көтерілетін болады. Екі шақырымдық рельстің тозған резеңкелерін ауыстырып, болттарды қатайту жұмыстары жүріп жатыр», – деп түсіндіріп өтті жол шебері. «Күніге 10 сағат бойы осы жолдың бойымен жаяу жүремін. Атүсті өте шықсаң ештеңе қарай алмайсың. Адам жұмыстан ләззат алу керек, тиянақты, сапалы жұмыс сол кезде болады. Табиғат құбылыстарымен темір шпалдар да жылжиды. Күн салқындағанда рельс тартылады, күн ысығанда керіледі. Біздің міндетіміз – осы теміртабан жолдарды қалыптан шығармай, талапқа сай күтімде ұстап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – дейді жол шебері.

Жол дистанциясының оныншы телім жұмысшыларымен бірге бұл күні біз осылай, бір айлық жұмыс алты сағатта аяқталғанына куә болып қайттық. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар енді Ақкемер, 41 разъезд аумағында жалғасатын болады. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды