Атырау локомотив пайдалану депосы: еңбек жағдайы толық жасалған

Аймақтар
01.12.2020, 19:04
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау локомотив пайдалану депосының локомотив бригадалары өз жұмысын оңтайлы жүргізіп, магистральдық және маневрлік қозғалыс түрлерінің үздіксіз тасымалдау қызметі бойынша жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

Депо басшысы Қуаныш Таутановтың айтуынша, өткен 10 айда пойыздық, маневрлік жұмыстарда ақау мен қызметкерлердің жарақат алу жағдайы болмаған. Ал күзгі комиссиялық тексеруге локомотив пайдалану паркіндегі барлық 26 тепловоз жатқызылып, толық тексеруден өтті. Олар 9 магистральдық, 12 маневрлік және 5 жолаушы тепловозы. Тұтастай алғанда, тепловоздардың жай-күйі «жақсы» деп бағаланып, нәтижесінде 4.0 балл құрады. Сонымен қатар, күзгі тексеру кезінде локомотив бригадаларымен тепловоздардың сыртқы келбетін ретке келтіру, тепловоздар және машинист кабиналарын, поликтерді техника және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес сырлау, жазғы майды қысқыға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 

«Дженерал Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған тепловоздар, жолаушы және маневрлік тепловоздар «Қамқор» локомотив жөндеу депосында жөндеуден өтеді. Қазір жол жақсарды, жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық. «Бұрын сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен жүретін еді, енді 100-ге дейін жылдамдықты арттыруға мүмкіндік бар» дейді машинистер. Депоның жолаушылар және жүк тепловоздарының қызмет көрсететін телімі Атырау-ГанюшкиноАқсарай, Атырау-Мақат-Құлсары аралықтарын қамтиды. Бұл учаскелерде ағаш шпалдар темірбетонға ауыстырылуда, сондықтан жылдамдықтың артуы заңды. 

Депо бойынша 10 айда тасымал көлемі 100,37 пайызға орындалып, 6738,484 млн тонно-км бруттоға жетті. 

Локомотивтің жалпы жүрісі 2676,492 км болып 97,66%-ды құрады, ал локомотив сағат – 64189, 104,70%, орташа тәуліктік өнімділігі – 2447 тонна-км брутто, пойыздың орташа салмағы былтырғы жылғыдан артып, 4281 тоннаға жетті. Техникалық жылдамдық – 49,73 км/сағ, 99,41%. Локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 666 км болып, 105,06%-ды құрады. Көріп отырғанымыздай, негізгі көрсеткіштер жоғары. Өткен мерзімде депо тепловоздарымен 5037 жүк тиелген пойыздар тасымалданған, оның ішінде 2260 пойыз ауыр салмақты. 

Еңбек қорғау және қауіпсіздік саласы бойынша бөлінген қаражат депода толықтай игеріліп келеді. Оның ішінде жұмысшылардың денсаулығын сауықтыруға, оқытуға, біліктілігін көтеруге де қаражат бөлінген. 

Жұмысшылардың санитарлықтұрмыстық жағдайын жақсартуға да жеткілікті көңіл бөлініп: кір жуғыш машина, қысқатолқынды пеш, сплитжүйе, тоңазытқыш, т.б. бірқатар тұрмыстық заттар алынған. Бүгінгі күнде сабын, кіржуғыш ұнтақ, қолғап, құлақшын, аяқ киімдермен, сондай-ақ COVID-19 індетінен сақтануға арналған маскалар, антисептик, басқа да қорғаныш құралдарымен жұмысшылар жүз пайыз қамтылып отыр. Айта кетерлігі, пандемия алғаш басталған уақытта ең бірінші боп дезинфекция жұмыстарын жүргізген де осы Атырау депосы болды. 

Машинистер мен олардың көмекшілері жыл сайын білімін жетілдіру мақсатында Ақтөбе қаласындағы оқу орталығына жіберіліп отырады. 

Локомотив бригадалары арасында техникалық сабақ тұрақты өткізіліп тұрса, пайдалану цехы, депо кезекшісі, таспа тексеру инженері, локомотив қабылдаушылар мен сапа инженерлерінің білігі ұдайы назарда. 

Рейс алды, ауысым алды медициналық байқау үнемі өтіп тұрады. 

Темір жолда болып жатқан әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақытылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-ГанюшкиноАқсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. 10 айда карантиндік шараларға қарамастан, 28 жоспардан тыс нұсқаулық өткен. 

Локомотив бригадаларының жұмысын дұрыс үйлестіру, ондағы байланыс құралдарын тиімді пайдалану – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір парасы. Сол бағытта машинистер мен станция кезекшілері аралығында сөйлесу регламентін сақтау айлығы да өтті. Оның барысында радиобайланыстың берік орнатылуы, станциялардағы өлі аймақтарды анықтау, қолдағы радиостанциялардың жарамдылығы тексерілген. Сонымен қатар, Ақжайық, Махамбет, Атырау, басқа да станцияларда станция басшыларымен бірлесе отырып маневрлі локомотив бригадаларының сапалық құрамын бекітуде, машинистер мен көмекшілерінің, пойыз құрастырушылардың психологиялық үйлесімділігін, жұмыс тәжірибесі мен еңбек тәртібін қарау бойынша мәжіліс өткізілді. Қысқасы, депода еңбек жағдайы толық жасалған.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?