Вокзалдар қызметі талапқа сай ма?

Аймақтар
29.06.2021, 12:56
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірінде сонау Орынбор-Ташкент теміржолымен қатар салынған, іргетасының қаланғанына ғасырдан аса уақыт өткен, бүгінде тарихи жәдігерге айналған вокзалдар көп. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жандарбек Саятұлы Өтегенов аймақтағы вокзал шаруашылығының жай-күйін әңгімелеп берді. – Біздің көп вокзалдар сонау өткен ғасырлардың басында салынған. Әрине, вокзал құрылысы жүргізілген кезең талабымен қазіргі ғарыштық даму, сандық жүйелер енген кезең талабын салыстыруға келмейді. Дегенмен сол кезде салынған тарихи жәдігерлер әлі күнге халықтың игілігіне жарап, толық жұмыс істеп тұр. Заман талабына сай оларға қазіргі заманауи технологиялар орналастырылған. Уақытылы жөндеуден өткізіліп, барынша күтімге алынған олардың сырты ескі болғанмен, сүйегі мықты. Ұлттық компания тарапынан вокзалдарды сауықтыру, жаңарту бағытындағы «100 вокзал» бағдарламасымен өңірде біршама жұмыстар атқарылды. Кей станцияларда жаңа вокзалдар салынды. Сапақ, Бекбауыл, Қорқыт, Диірментөбе станцияларындағы ескі вокзал ғимараттары тұрғындардың сұранысы болмауынан биылғы жылдың соңғы тоқсанына дейін жергілікті атқарушы билік органдарына өткізіліп, есептен шығарылады, қазір құжаттары рәсімделіп, әзірленуде, – дейді Жандарбек Саятұлы. Айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «100 вокзал» бағдарламасы аясында Сыр өңірінде 10 вокзал салу жұмысы 2011 жылдың сәуір айында басталып, 2013 жылы жаңа вок- залдар, яғни жаңадан салынған вокзалдар-жолаушыларға қызмет көрсететін өндірістік пункттер пайдалануға берілген. Олар бекеттердегі жергілікті тұрғындардың орналасу тығыздығына қарай үш түрлі болып белгіленген екен. Жаңа ғимараттар типіне қарай ең кішісі 18 шаршы метрден басталып, 125 шаршы метрлік көлемді құрайды. Мәселен, Қамыстыбас, Жалағаш станцияларында 1-типті, Аралқұм мен Тереңөзек станцияларында 2-типті, Сапақ, Бекбауыл және Шорнақ станцияларына 3-типті ғимараттар салынған. Станциядағы жолаушыларға қызмет ету мүмкіндігіне қарай, ол жердегі тұрғылықты халықтың тығыздығы мен жолаушылар нөпіріне қарай сараланып салынған бірінші типті вокзал тәулігіне 100 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелінген. Екінші типтілері тәулігіне 50 адамға, үшінші типті вокзалда тәулігіне 10 адамға қызмет көрсетіледі деп есептелінген. Осы жолаушыларға қызмет көрсететін өндірістік пункттердің бірқатары кезінде салынғанмен бүгінде пайдаланылмайтындығы туралы да пікірлер айтылып жүр... – Қолданысқа берілгеніне он шақты жылға жуықтаған жаңа вокзалдардың кейбірі өз функциясын атқармай отырғаны рас. Себебі, кейбір станцияларға жолаушылар тасымалдайтын пойыздар тоқтамайды, сондықтан вокзал ретінде толыққанды жұмыс жасамай отырғанымен ол пункттердің бірінде станция қызметшілері отыр, тағы да басқа қажетке пайдалануда. Және кезінде кеткен кемшілік, бұл пункттер қыста суық, жазда ыстық болғандықтан жұмыс жасауға қолайсыз болып отыр. Сондықтан, сондай қолайсыздықтарды біртіндеп жойып жатырмыз. Өткен жылдары Жалағаш станциясындағы вокзал-пунктіне өзіміздің құрылыс-жөндеу бригадамызбен құрылыс-монтаж жұмысын жасадық, шатырына жылу мен суықты өткізбес үшін минералды мақта төсеп, төбесін қайта жаптық. Жылу жүйелері тексеруден өткізіліп, жаңалап ауыстырылды. Бесарық станциясында да жылу жүйелері ауыстырылды. Ал халық көп қоныстанған, жолаушы пойыздары аялдайтын вокзалдар өз қызметін толыққанды атқарып отыр, – дейді Ж.Өтегенов. Айтуынша, бүгінгі таңда аймақ бойынша барлық вокзалдар санитарлық сақтық жабдықтарымен толық жарақталған. Карантин талаптары қатаң сақталады. Қызылорда вокзалы ғимаратынан жолаушылардың кіріп-шығуы, қол жүктері арнайы құрылғылармен жарақталған пунктте бақылап-тексеріледі. Ана мен бала бөлмесі бар, күту залында электронды кезек жүйесімен қызмет көрсетіледі, мүгедектерге арналған күту бөлмесі жарақталған, медициналық пункт жұмыс істейді. Қауіпсіздік үшін ескерту, белгі беру және т.б. жүйелер (Скуд) енгізілген, СКБ-қауіпсіздікті сақтау (жұмыс бөлмесіне бөгде адамның кіруін шектеу) жүйесі оналастырылуда. Бірінші санаттағы Қызылорда вокзалы шілде айынан бастап «ASHYQ» жобасымен жұмыс жасайтын болады.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?