Атырауда биылғы жартыжылдықтағы жүк айналымы 105% орындалды

Аймақтар
27.07.2021, 12:13
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың жарты жылында жүк айналымы жоғары болды. Алты айда жоспардағы 4828 млн.тн.км-нетто 5069,5 млн.тн.км-нет- тоны құрап, жоспар 105 пайызға орындалды, деп хабарлайды Rail-newskz. Сондай-ақ СД жоспарына сай жүк тиеу 100%, вагонның орташа статистикалық салмағы – 101,1, тиелген вагонның динамикалық салмағы – 102,3, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі – 106,5, пойыздың орташа салмағы – 101,4, локомотив жүрісі 102,9 пайызға орындалды. Техникалық жоспар бойынша пайдаланым жұмыстарының негізгі 5 көрсеткіші орындалды, яғни пайдаланым жүк айналымы – 102,9%, жүк тиеу – 100,2, вагонның статистикалық жүктемесі – 101,3, тиелген вагонның динамикалық жүктемесі – 101,4, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі 102,8 пайызға орындалды. Жоспар бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының өз себептері бар. Алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Әлемді шарпыған індеттің де әсері бары анық. Әсіресе еларалық экономикалық қарым-қатынасқа ықпалын тигізді. Соның да әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын басқа да тауарлар тасымалы қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған пандемиямен қатар нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп. Тәжікстан, Донецк бағытына жөнелтілетін мұнай өнімдері келісілмеген. Қытайға жөнелтілетін кокс, пропан жүктерін түсіруге конвенциялық тыйым қойылғаны, Қытай аумағында тастанды пойыздардың жиналып қалуы және Ортаазиялық темір жол арқылы өтетін кейбір жүктердің шектелуі де жалпы жүк тиеу көлеміне әсер етпей қоймады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлім мамандарының айтуынша, сонымен қатар өткен мерзімде транзитті тасымал көлемінің кемуі де байқалады. Бөлімшемен бұрынғыға қарағанда тәулігіне екі пойызға – Қиғаш түйіспесінен 1 пойыз, Құлсарыдан тәулігіне 1 пойыз кем қабылдануда. Жарты жылда жұмыс вагондарының айналымы 77,9%-ды құрады, оның себебі вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де вагон айналымына әсер етті. Жергілікті вагондар жоспарының орындалуы 86,5% құраған. Ол «ТШО» ЖШС, «Карат», «АтырауИнжСтрой», «Уральская нефтехимическая компания», «Алан», «Петрохимикал» сынды компаниялардың атына келген жүкті Құлсары, Мақат, Махамбет, Ақжайық, Атырау, Аққыстау станцияларында уақытында түсіре алмағандықтан кеміді. Оған алдымен жүк қабылдаушылардың өздері кінәлі, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, т.б. себептер көп. Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 91,7%- ға орындалып, 4,21 км/сағатқа кеміді. Учаскелік және техникалық жылдамдығының кемуіне Атырау- Қиғаш, Мақат-Сағыз, Мақат-Атырау, Мақат-Құлсары учаскелерінде тәулігіне шамамен 50 жағдайға жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі әсер еткен. Атырау мұнай өңдеу зауытының 10 қаңтар мен 5 ақпан аралығында бірқатар технологиялық қондырғыларының жөндеуге тұруы, осы мерзімде АО «KEGOC» желісінде электрожабдықтау бойынша бүкіл облыста дерлік қайта-қайта жарықтың сөнуі кейбір көрсеткіштер көлемін азайтып жіберді. Қатты желдің екпіні де жылдамдықты шектеуге мәжүрлейді. Қаңтар айында 34 (8 жолаушы, 26 жүк) пойызы кестеден кешігіп келген. Соған орай ақпан айында Мақат-Атырау, Атырау-Қиғаш, Мақат-Құлсары учаскелерінде 43 технологиялық «толаскез» беріліп, электр желілері, ВЛ-СЦБ құралдарын жөндеу үшін автобұғаттау орын алған. Сондай-ақ ДУОМАТ, УНИМАТ, Жейсмар жол машиналарымен жол жұмыстарын жүргізу үшін де сәуір айында 39 технологиялық толаскез алынған. Сонымен қатар кей учаскелерде пойыздар қозғалысы автобұғаттауды тоқтатып тастау арқылы жүзеге асырылған, ал ол жылдамдықтың кемуіне әсер етеді. Дегенмен, 7 негізгі көрсеткіш жүз пайыздан асса, қалғандарының орындалуы 80-90 пайыз шамасын құраған.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?