ҚТЖ мен салалық кәсіподақ өкілдері жамбылдық теміржолшыларға оңтайландырудың қыр-сырын түсіндірді

Әлеумет
30.11.2021, 12:49
Асхат Райқұл

Өткен аптаның соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы мен салалық кәсіподақ өкілдерінен құралған топ жамбылдық теміржолшылармен кездесті. Басқосуда жұмысшылардың тұрмыстық-әлеуметтік ахуалы жан-жақты сөз болды. Теміржолшылардың сауалдарына компания мен кәсіподақтың жауапты мамандары егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Жиынға қатысушылар ортақ мәселелерді бірлесе талқылап, ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды. Сала төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов кейбір мамандық иелерін ертерек зейнетке шығару мәселесі басшылықтың назарында екенін айтты. Осы бағытта нақты шаралар жобасы жасалып, Үкіметке жолданғанын жеткізді. Бұл жұмысшының бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатына тікелей байланысты. Ал қазіргі кезде 900-ден астам адам ерте зейнетке кеткен.

«Компанияда артық жұмыс орындарын қысқартып, оңтайластыру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі таңда Алматы қаласында бірнеше құрылым ірге қалауда. Сондықтан кейбір мамандарды басқа аймақтардан сонда жіберудеміз. Мұндай жағдайда теміржолшылардың көші-қонына барынша көмектесеміз. Басқа да тұрғын үй, коммуналдық төлем сынды проблемаларға түрлі жобалар аясында қол ұшын созуды көздеп отырмыз», – деді Жұпарбек Абзалбекұлы.

Биыл жылдың басында теміржолшылардың айлық жалақылары – 10 пайызға, шілде айында 10 пайызға өскен болатын. Енді жақын арада мұндай қамқорлық танытуға компанияның шамасы жетпейтін көрінеді. Спикер компа  нияда түсім бар екенін, бірақ құрылымды өсіру, ілгерілету шараларына қыруар ақша салуынуы қажет екенін жеткізді.

«Жалпы, мынаны түсініп алған жөн. Мәселен, тарифтегі 100 теңгемен бір вагонды жөнелтетін болсақ, оның 10 пайызы біздің жалақымызға жұмсалады. Қалғаны өзге шығындарына кетеді. Ал тарифті көтеріп, жалақыны өсіретін болсақ, онда қоғамдағы өзге салаларда да қымбатшылық орын алады. Тасымал тарифі өскен соң, көмір қымбаттайды, көмір жылуды қымбаттатады, жылу коммуналдық төлемді арттырады... Айналып келгенде, өзіміздің қалтамызға ауыр соғады. Жоғарыда айтқанымдай, компанияда ыңғайластыру, қысқарту шаралары жүріп жатыр. Мысалы, бірқатар мамандықтар біріктіріліп, екі адамның жұмысын бір адам атқаратын болады. Заңға сәйкес, жұмыстан қысқарған азамат компания есебінен үш ай өтемақы алады. Ал біз осы мерзімді алты айға дейін созып жатырмыз. Өйткені, алыс-жақын станциялардың, разъездердің босап қалған жұмысшыларына дереу арада «екі қолға бір күрек» таба қоюы қиын. Оны түсінеміз. Сондықтан осындай қадамға бардық», – деп түсіндірді Жұпарбек Сәбитов.

Кәсіподақ төрағасының орынбасары Ресей Федерациясының теміржол компаниясының еңбек өнімділігі мен біздікін салыстырды, теріскейдегі ахуал Қазақстаннан 2,5 есе жоғары, жалақы да 40 пайызға көп. Ал мамандарымыздың саны шамалас. Өйткені, бізде бір адамның жалақысын екі адам алып, жұмысын да бөліп істейді. Сондықтан оңтайландыру – қажетті және мәжбүрлі шара. Ол түрлі марапаттарға берілетін сыйақылардың еселеп өскенін де айтты. Демалыс-сауықтыру орындарына берілетін жолдаманы ұсыну тәртібінің өзгергенін жеткізді. Бұрын теміржолшылардың жыл сайын санаторийлерге баруға мүмкіндігі болса, енді екі жылда бір рет қана жолдама беріледі. Ал компанияның корпоративтік сауалдар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серік Кеуілімжаев теміржолдағы бүгінгі ахуал, соңғы жаңалықтарды ортаға салды. Техникалық қорды жаңарту мен жаңғыртудан бөлек жұмысшылардың ахуалы да назардан тыс қалмай, теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру үшін қарастырылып отырған мүмкіндіктерді сөз етті. Басқосуда Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбеков те сөз алып, аймақ теміржолшыларының тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Күзгі бақылау нәтижесі, қысқа дайындық барысында Түркісіб, Шу, Тараз, өткен аптада ғана Жаңатас станцияларында кездесулер өткен.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?