Қауіптілігі жоғары жұмыстан ұзақ уақыт қол үзгендер үшін сынақ қалай жүргізіледі?

Әлеумет
14.02.2022, 16:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

  – Бала босануыма байланысты 3 жыл декреттік демалыстан кейін электрмен жабдықтау дистанциясында (ЭЧ) жұмысқа шықтым. Электр қауіпсіздігі бойынша топта екенімді растауым қажет пе? Қай топтағы қызметкер мені стажировкадан өткізуі керек?

Оқырман сауалына «Қазкөліккәсіп» ҚБ еңбек қорғау бойынша техникалық бас инспекторы Қайрат Мұқанов жауап береді:

– ҚР ДС және ӘД министрлігі №1019 бұйрығының 12-тармағына сәйкес аталған жұмыс, қызмет, кәсіп түрі бойынша жұмыстан үш немесе одан көп уақытқа, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыстан 1 жылдан астам уақытқа үзіліс алған жұмысшылар жұмысқа толық кіріскенге дейін еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша оқудан өтуі керек, сәйкесінше дистанциядағы комиссия тексеруінен де өтеді.

– Сонымен қатар ҚР ЭМ-нің 26.03.15 жылғы «Персоналмен жұмыс Ережелерін бекіту туралы» №234 бұйрығының 44-тармақшасына сәйкес ұйым немесе құрылымдық бөлімшелер бойынша өкімдік құжаттама арқылы стажировкадан өтуге рұқсат етіледі. Өкімдік құжаттамада стажировка мерзімі, стажировкадан өтетін тұлғаның аты-жөні көрсетіліп, электр қауіпсіздігі бойынша ІV дәрежеден төмен емес топтағы стажировкаға жауапты адам тағайындалады.

ҚР ЭМ №234 бұйрығының 45-тармағына сәйкес әр жұмыс орнындағы стажировка ұзақтығы мамандыққа қарай, оқуға қатысушының дайындығына байланысты анықталады және 2-20 жұмыс күніне дейінгі уақытқа созылады. Дайындықтың жеке бағдарламасы болған жағдайда стажировка мерзімі сол бағдарлама бойынша анықталады.

ҚР ЭМ №234 бұйрығының 47-тармағына сәйкес бастапқы біліктілік тексеруінен және жұмыста ұзақ уақыт үзіліс алғаннан кейін (үш аптадан алты айға дейін) стажировкадан қайталап өту мүмкіндігі қарастырылады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті