Балқаштық машинист көмекшісі өлке теміржолы туралы кітап жазды

Әлеумет
01.04.2022, 12:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Балқаш локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Алмас Арынов өзі қызмет ететін депо тарихы туралы «Темір жолы – өмір жолы» атты кітап шығарды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қарағандыда арнайы лицейде машинист көмекшісі мамандығы бойынша білім алған Алмас – ордабұзар отыздан енді асқан жас жігіт. Балқаш локомотив депосында 2010 жылдан бері еңбек етеді. Пандемия басталған кезде бос уақытында кітап оқып, білімін жетілдіруді көздеген ол қаладағы кітапханаға бас сұғады. Әдеби кітаптардан бөлек жалпы Қазақстанның, оның ішінде Балқаш теміржолының тарихы туралы кітап іздейді.

– Қазақстанның темір жол тарихы туралы үздік-үздік дүниелер тауып оқыдым, бірақ таң қалғаным, Балқаш теміржолы туралы жазылған ештеңе таппадым. Музейлерден журналдар ғана кездесті, оның өзі 2010 жылдан бергі тарих. Колледждерде не оқытады деп те сұрадым. Содан Балқаш темір жолы, депо тарихын жинақтап, кітап шығару туралы ойымды деподағы нұсқаушыға айттым. Басшылар сеніңкіремесе де бетімді қайтармай, несі бар, бастап жатсаң қолдайық десті, – дейді Алмас.

Осылайша қарапайым машинист көмекшісінің кітап шығарудағы қызық та кедергіге толы қадамы басталып кеткен. Алдымен ол депода еңбек еткен зейнеткерлерді іздеп тауып, естеліктерін жазып алып, дерек-дәйектер, фотолар жинақтайды. Қалыбек Саттарұлы сынды бұрынғы басшылар ақпарат жинауға қолдау көрсеткен. Алмастың бастапқы ойы Балқаш-Мойынты-Саяқ теміржолының тарихын жазу еді. Алайда үш өңірді шарлап жүріп, ол бұл ауқымда кітап жазу күрделі боларын түсінеді.

– Саяққа резервке сұранам, көбі түсінбейді, мынаған не болды дегендер де болды. Біраз адамдарды естелік айтуға да көндіру оңай болмады. Мойынтыға да бардым. Түрлі теміржолшылармен кездестім. Тіпті тірлігіме күле қарағандар да көп болды. Бірақ мен де алға қойған мақсатымды соңына дейін жеткізу ойымнан танбадым. Ойлана келе тек Балқаш локомотив депосы туралы кітап жазуға бел будым. Себебі ең көп ақпарат депо туралы жинақталған еді, – дейді машинист көмекшісі.

Алмас одан әрі жазылған кітапты әдеби редакциялап, өңдейтін журналист табады, сосын кітаптың алғашқы түпнұсқасын басшыларға көрсетіп, артық-кемін алып қосады да, баспахана, сосын демеуші іздеуге кіріседі. Депо тарихы туралы тың деректер жинау үшін оған мәдениет бөлімі арқылы архивтерге кіруге рұқсат беріледі. Міне, сонда ғана оның еңбегін бағалаған біраз адам демеушілік жасайды. Елордаға келіп «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшыларына да жолыққан. Сол кездегі басшылардың бірі Иван Костыря кітапқа алғысөз де жазып берген. Пандемия кезінде жазылған еңбек осылай кітап болып баспадан шығады.

– Кітапқа Балқаш депосының тарихы, локомотив бригадаларының жұмысы, депода қызмет еткен кешегі-бүгінгі машинистер әулеті, т.т. енгізілді. Қарағандыдан баспахана тауып, бір кітапты 12400 теңгеден, 35 данасын шығардық. Талпыныс бізден болды, қалғаны – көптің көмегі. Менің таудай талабыма сенім білдіріп, көмегін аямаған Балқаш қаласының әкімі Ораз Тауырбектен бастап, Рамазан Мақаев, Қалыбек Адамбаев, Дулат Ахмадиев, Мұрат Мұқатаев, Бауыржан Алтынбеков, Жаржан Жүнiсов, Оразбек Дауылбаевқа, Эдуард Хегай, Медет Әлiмқұлов, Асхат Нұрқасымов бастаған теміржолшыларға, деподағы барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін, – дейді А.Арынов.

Кітаптың тұсаукесері Балқаш қаласында С. Сейфуллин атындағы кітапханада биыл 7 сәуірде өтеді. Оның бірнеше данасын Алмас теміржол кітапханалары мен музейлерге таратып берген.


Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті