Шалқарлық ардагер соғыс кезінде «Құрметті теміржолшы" атанған

Әлеумет
06.05.2022, 14:51
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Соғыс жылдары арнайы жасақталған теміржол әскери құрылымы құрамында болған Мұхтар Жұмағұлов Қатынас жолдары халық комиссариатының пәрменімен «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталады. Бірақ 1945 жылы берілген атақ иесін арада тек алты жыл өткенде, 1951 жылы табады...

Есімі «Тәуелсіз Қазақстан темір жол көлігі» энциклопедиясына жазылған теміржолшы ол кезде небәрі 25 жаста екен. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 1920 жылы туған Мұхтар Жұмағұлов әке-шешеден тұлдыр жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. 15 жасында Ақтөбедегі ФЗО-ға түсіп екі жыл оқиды. 16 жасында теміржолға жұмысқа кіріп, 55 разъезде станция кезекшісі болып Морзе аппаратын аса шеберлікпен меңгеріп, екі жылдан соң Құмсай станциясына ауысып, жастығына қарамай станция бастығы болып қызмет атқарады. 

1941 жылы соғыс басталғанда Қатынас жолдары Халық комиссариатының соғыс кезіндегі темір жол әскери бұйрығына сәйкес Ақтөбе қаласынан майданға аттанып, қираған темір жолдар мен көпірлерді қалпына келтіретін арнайы құрам сапында әскери борышын өтейді. Жаңбырдай жауған оқ пен жарылған бомбаның астында жүріп, сағат сайын бүлінген теміржолдарды жалғап, оқ- дәрі, қару-жарақ тиелген бір эшелонды болса да өткізіп үлгеріп жанталасқан теміржолшылар жасағы ол кезде жанқияр ерліктің жоғары үлгісін танытқаны тарихтан мәлім. 

1942 жылы Литва темір жолының Панара станциясының бастығы болып тағайындалған Мұхтар Жұмағұлов арнаулы тапсырманы үздік орындағаны үшін «Құрметті теміржолшы» белгісіне ұсынылады. 1951 жылы Ақтөбедегі 59 разъезде станция кезекшісі болып жүргенде 1945 жылы берілген атақ иесін тауып, төсбелгісін алады. Майдангер соғыстан кейін де бүкіл өмірін темір жол саласына арнайды. Станция кезекшісінен бастап станция бастығы, Орынбор қаласында арнайы курста білім алған соң 1960 жылдан Ембі-Қотыртас аралығында аға электр механигі болып 35 жыл қызмет етеді. Содан кейін Бершүгір-Мұғалжар учаскесінде ПОНАБ электромеханигі болып қызмет атқарды. Сүйікті саласына 49 жыл өмірін арнап, 1985 жылы Шалқар белгі беру дистанциясынан зейнеткерлік демалысқа шығады. 1979 жылы темір жол саласындағы ұзақ та абыройлы қызметі үшін СССР Қатынас жолдары министрі Б.П.Бещевтің бұйрығымен "Москвич-312" жеңіл автокөлігін сыйға алған. Бұл ол заманда екінің бірі қолы жетпейтін керемет сыйлық болатын.

Мұхтар Жұмағұлов өмірлік жары Мейізбен 46 жыл отасып, 10 бала өсірді. Олардың бәрі жоғары білім алып, теміржолдың сан саласында жемісті еңбек етіп, бүгінде Жұмағұловтар әулетінің абыройын асқақтатып жүр. Теміржолдың тынымсыз тірлігіне араласып, ел экономикасын өркендетуге қомақты үлес қосуда. 

Ардагер 1994 жылы 74 жасында дүниеден озды.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?