Ақтөбелік теміржолшылар 98 жастағы тыл ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтады

Әлеумет
13.05.2022, 11:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев тыл ардагері Дәметкен Әлмұратованы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Сұрапыл соғыс жылдары теміржолда еңбек еткен кейуана бүгінде 98 жаста.

Сұм соғыс басталғанда 17 жастағы өрімдей қыз оқуын тастап, соғысқа кеткен әкесінің орнына Шалқар станциясына жол бұрушы болып жұмысқа кіреді. Уақыт өте әке жолы бүтін бір ұрпағының ата кәсібіне айналды.  

"Біз жұмыс талғаған жоқпыз. Соғыс кезінде ертелі-кештегі өмірімізді шойын жолдың бойында, қара жұмыс атқарумен өткіздік. Рельс-шпал ауыстыру, ауыр лом, зілдей балға, темір-терсектен бастап, көмірді арқалап жүріп таситын едік. Ал түнімен тағы ұйықтамай соғыстағы солдаттар үшін киім тоқимыз. Кезекшілікте май шаммен отырып тоқыған шұлық, қолғаптардың есебі жоқ", – дейді Дәметкен Әлмұратова. 

Тыл еңбеккерін арнайы құттықтай барған Бөріхан Сматуллаұлы ардагердің құшағын гүлге толтырып, ақшалай сыйлық және азық-түлік себетін тарту етті. Дәметкен апа бұрынғыдай емес, құлағы ауыр естиді. Бірақ ойы жүйелі, жады сол қалпында. Сонау тарих қойнауында қалған үрейлі соғыс жылдарын, радиодан «Жеңіс» хабарын естігенде теміржол бойында сүйінші сұрап жүгіргенін көзіне жас алып отырып айтып берді. 

Соғыстан кейін Қазалы қаласындағы техникалық мектепті тәмамдап, станция кезекшісі болған Дәметкен апа Шалқар ауданындағы №62 Тобылғысай разъезінде 1974 жылға дейін еңбек етіп, көпбалалы ана ретінде 50 жасында еңбек демалысына шыққан. Қарт ананың ұлдары да теміржолшы болып, қазір зейнет жасына шығып отыр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті