Кәсіподақ жетекшілері марапатталды

Әлеумет
30.09.2022, 11:48
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Батыс» филиалы Ақтөбе аймағында теміржолдың кәсіподақ ұйымы төрағалары бас қосқан жиын өтті. Онда ширек ғасырдан бері әлеуметтік әділдікті ту еткен кәсіподақ жұмысын алға жылжытып келе жатқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

«Батыс» филиалы бойынша кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов кәсіподақ төрағаларын Қазақстан темір жолының 25 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.  

– Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер ролін атқаратын кәсіподақ жұмысы жеңіл емес, жауапкершілігі мен арқалаған жүгі ауыр. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жатқалы ширек ғасырдан асыпты. Теміржолшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшының өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік теңсіздікті қамтамасыз ету қай кезде де адам баласы үшін ең ізгі миссия болған. Сіздерге   абыройлы еңбектеріңіз дәйім жемісті болсын деп тілек айтамын, марапат құтты болсын! – деді кәсіподақ жетекшілеріне марапат тапсырған Ғабит Садықов.  

Кездесуге жиналғандар әрі қарай күн тәртібіндегі екінші мәселе, алда келе жатқан сала кәсіподағының 30 жылдығына орай өтетін шараны талқылауға кірісті.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады