Еріктілер қарттарға қолғабыс етті

Әлеумет
04.10.2022, 11:37
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«KTZ Express» АҚ қызметкерлерінен құралған еріктілер елордадағы жалғыз тұратын қарттардың үйіне барып, тазалық жұмыстарына қолғабыс етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сондай еріктілердің бірі Сабыржан Ғалиақпар аталған компанияның контейнерлік тасымал департаментінде жұмыс істейді. Оның ерікті болып қоғам өміріне араласып жүргеніне бірнеше жыл болған. Мұқтаж жандарға көмек қолын созуды өмірлік парызы деп санайтын ол осындай істер арқылы адам бойында рухани құндылықтар қалыптасатынын айтады.  

– Қарттар күніне орай қаланың шет аймақтарындағы 3 қарияның үйіне барып, ауласын жинап, бақшасын тазалап, көмірін тасып, отын жарып, қолғабыс еттік. Бұл істе өзіммен мүдделес компания жастары жиналды. Сондықтан бұл шаруаларды бірнеше сағаттың ішінде атқарып тастадық, – дейді ерікті теміржолшы. Қарттардың алғысына бөленген осындай ерікті жастар қатары компанияда көбейіп келе жатқаны қуантады.  

«KTZ Express» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Венера Дынбаеваның айтуынша, компания құрамындағы қызметкерлердің бәрі де – кәсіподақ мүшелері. Сондықтан 30 жылдық мерейтой аясында бұл ұйымның да еңбегін атап өту керек.

– Кәсіподақ өміріндегі барлық шараларға біздің компания қызметкерлері қашан да белсенді атсалысады. Сондай шаралардың бірі – Халықаралық қарттар күніне орай орталық аппарат зейнеткерлерін құттықтадық. Теміржол саласында сан жылдар еңбек еткен 8 зейнеткердің екеуі ғимаратта өткізген шараға қатысты, қалғандарына сыйлықтарын апарып бердік. Оның айтуынша, бастапқы ұйымға компанияның 100-ге жуық қызметкері мүше.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті