Елордалық теміржолшылар Жаңа жыл қарсаңында ерекше баланың тілегін орындады

Әлеумет
29.12.2022, 10:36
Оқуға 2 мин

Елордалық мектептің 6-шы сынып оқушысы Ахмет Бұйыған пойыз жүргізушісі болуды армандайды. Жаңа жыл қарсаңында ол өз тілегін білдірді: машинист кабинасын көру және басқару пультінде отыру. Анасы мен ҚТЖ қызметкерлері оның арманын жүзеге асыруға көмектесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жастайынан «аутизм» диагнозы қойылған бала үшін теміржолшылар локомотив депосына бару, қала маңындағы электр пойызына экскурсия және жаңа жылдық жедел пойызда Бурабайға бару арнайы бағдарлама әзірлеп ұсынды.

Локомотив депосының машинист-нұсқаушысы Юрий Сайко бала мен анасына локомотив депосын аралатып таныстырды. Балаға әр түрлі сериялы магистральдық және маневрлік локомотивтер көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары мен көрсеткіштері туралы айтылды. KZ4AT сериялы заманауи машиналар елордалық зауытта құрастырылған. Машинистер оларды ерекше ілтипатпен «Француздар» деп атайды.

Бала машинист орындығына отырып, айтылғандардың барлығын қағып алуға тырысты. Ол техниканың қаншалықты күрделі екеніне таң қалды: басқару тақтасындағы көптеген түймешелер, бірнеше экран, тұтқалар. Ахмет құрамды басқарудың құпияларын біліп, балаларға теміржолда өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулықтан өтті.

«Машинистің жұмысы жоғары жауапкершілікті талап етеді, сондықтан кадрларды іріктеуге өте байыпты қарайды. Балалардың бала кезінен пойыз жүргізуді армандағаны мені қуантады. Біздің білімімізді сабырмен бере алатын лайықты ауысым өсіп келеді, - деді локомотив депосы бастығының орынбасары Қайрат Мұсылманов.

Экскурсия «Қала маңы тасымалдары» АҚ-ның электр пойызы бойынша жалғасып, онда бала да өзін машинист ретінде сынап көрді.

Кездесуді еске алу үшін - бейне, фото және сыйлықтар. Ал қысқы демалыста отбасы Щучье-Бурабай курорттық аймағына жайлы жаңа жылдық электр пойызымен барады.

Теміржолшылар бала кезінен темір жолға жақын Ахметте барлығы жақсы болатынына сенімді, оның арманы міндетті түрде орындалады. Осы кездесуден кейін бала ғажайыптарға сеніп, арманын ұштай түсетіні кәміл.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды