Теміржолшылар қайырымдылық көрсетті

Әлеумет
12.12.2023, 11:01
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сексеуіл станциясының жастары, соның ішінде теміржолшылар да бар, кенттегі 80 отбасыға өз қаражаттарына көмір түсіріп берді.

Жалынды жастардың бұл игілікті жұмысына аудан әкімі Серік Сермағамбетов әлеуметтік желі арқылы алғысын білдірді. Қайырымды жастар қатарында «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының қатысушылары Рустам Азишев, Қазыбек Сәдуақасов сынды белсенді теміржолшылар бар.

– Қайырымдылық іс-шарасы бізде дәстүрге айналған. Кент жастарының сауапты істері жетерлік. Жыл сайын мұқтаж жандарға берілетін көмір осы жылы 2 вагон болды. Тұрмысы төмен отбасыларға барлығы 140 тонна көмір алып бердік, – дейді теміржолшы Қазыбек Сәдуақасов.  

Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов ауыл жастары сын сағаттарда қайырымдылық іс-қимылдарымен халықтың ризашылығына бөленіп, батасын алып келеді дейді. Айтуынша, кешегі коронавирус пандемиясы кезінде де теміржолшылар бастаған ауыл жастары осы дерттер қиналған жандар үшін өкпені желдететін аппараттар сатып әперген. Одан бөлек, Арыстағы апат, Қаңтар оқиғасы кезінде де кешіккен, тоқтап қалған пойыз жолаушыларын тамақтандырып, керек заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Үйлері өртеніп кеткен бірнеше отбасыға баспана алып беруге де мұрындық болған осы жастар.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік