Мұнайға тартылған жол

Әлеумет
06.09.2016, 17:37
Оқуға 3 мин
Батыс Қазақстанға тартылған темір жол, ең алдымен мұнай өндірісін дамыту, мұнай өнімдерін тасымалдау үшін салынғаны белгілі.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары  Маңғыстауда Өзен, Жетібай кеніштерінің ашылуы өз кезіндегі маңызы бойынша казіргі Ресейдің – Тюмень, Қазақстанның – Теңіз мұнай алыптарымен тең тұратын жаңалық болды.             Оны игеру үшін әрине аса зор өндірістік, әлеуметтік, инфрақұрылымдық шараларды атқару керек болды. Ал мұның бәрі теміржолсыз жүзеге аспайтыны түсінікті. 1963 жылы 30 қаңтарда КСРО Көлік жолы құрылысы министрінің Гурьевте (бүгінгі Атырау) № 99 құрылыс басқармасын құру туралы № 30 бұйрығы шықты. № 99 құрылыс басқармасы уақытша Мақат станциясында орналасқан.             Қазақ темір жолын дамытуда дара үлесі бар басқарма әуелі 700 шақырымдық Мақат – Маңғыстау, кейін 1967 жылы оны 884 шақырымға дейін ұзартып, Өзенге жететін темір жол төсеп шықты. Сол-ақ екен, темір жолмен өндірістік-технологиялық жабдықтар, іргесі қаланып жатқан жас қалалар мен жаңа елді мекендерге қажетті құрылыс материалдары толассыз тасымалдау басталды. Мұндай аса ауқымды қаракеттерге әзірлігі жоқ қияндағы түбекке тәулік сайын тұтынатын ауыз су мен азық-түлікке дейін темір жол арқылы тасылды. Мұнайға тартылған жол Құлсары станциясы арқылы өтіп, 11-ші жол дистанциясы толассыз жүк тасымалын үздіксіз қамтамасыз етіп тұрды.  1966 –1989 жылдар аралығында дистанцияны Б. Корся, И. Аймұрзаев,  Н. Есенбергенов,  З.Садуов  сынды жолшылар басқарды. 1989 жылы сол кездегі мекеме басшылары сайланып қойылсын деген талапқа сайкес еңбек жолын осы дистанцияда жол монтеры болып бастап,  бригадир,  жол шебері, аға шебері, бас инженер лауазымына дейін көтерілген Шамшадин Сисенғалиұлы Құрманбаев  басшылыққа келіп,  2003 жылға  дейін үздіксіз жетекшілік етті. Отыз жыл жол шаруашылығының «отымен кіріп, күлімен шыққан» басшы дистанцияны үздіктер қатарына көтеріп, бірнеше буын мамандар легін тәрбиелеп шығарды.  Күні бүгінге дейін  дистанциядан 8 адам «Құрметті теміржолшы» төс белгісіне ие болған екен. Олар:  З. Сәдуов (марқұм), Қ  Аленов, Т.Садешов , Т. Жалмұханов, Ш. Жалмұханов, Ж. Еркімбаев, К. Нұрғожиев, Ш.Құрманбаевтар. Әрине, құрылғанына биыл аттай 50 жыл толып отырған дистанция осы уақыт аралығында  өрлеу де,  құлдырау да кезеңдерін бастан кешіпті. Соңғы 10-12 жылдың ішінде мекемеде 6 басшы ауысқан. Бір кезде шаруасы дөңгеленген мекеме жұмысын қайта  жандандыру мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі  дирекция басшылығы  2015 жылы дистанция басшылығына Ш. Құрманбаевты қайта тағайындады.  Ш. Құрманбаев дистанцияның бас инженері Ж.Шықыбаевпен екеуі жалпы ұзындығы 300 км құрайтын телім бойын түгел аралап шығып,  дистанцияда еңбек ететін 383 адамның түгелімен дерлік кездесіп, проблемалық мәселелермен, теміржолшылармен жақын танысып,  тәртіп босаңсып, көрсеткіштері төмендеп кеткен өндірісті оңалтуға күш салды. Білікті де іскер, өз ісіне шын ниетпен берілген, еңбегіне аса жауапкершілікпен қарайтын мамандарға сенім артылып, нәтиже көп күттірмей,   жол дистанцияның жұмысы кең серпінмен өрлеу кезеңіне аяқ басты.               Бүгінде Құлсары жол дистанциясы Мақат – Құлсары – Бейнеу телімдеріне қызмет көрсетіп, жалпы ұзындығы 300 км негізгі жолдың күтіміне жауап береді. Осы аралықта 5-ші дәрежелі 16 разъезд және 86 км станциялық жолы мен 220 бұрма бағыттағыштары бар.  Дистанцияда 3 аға шебер бар, олардың арқайсысында 5 айналым бар. Әр біреуінің арасы 18-20 км. Айналымдағы жол шебелерінің  қарамағында 2-3 бригада бар. Әр бригада құрамында 15-20 жол монтері еңбек етеді. Ақаутапқыш операторлар және жасанды құрылыстарды, көпірлерді тексеретін екі цех қолданыста.               2016 жылдың алғашқы жартыжылдығын дистанция ұжымы абыроймен орындап шықты. Жоспар 85 балл болса, оны 56 балдық көрсеткішке жеткізіп, жол күтім  «жақсы» деген баға иеленді. Әсіресе № 11-ші  айналымның жол шебері М. Наурызбаевтың,  №13-ші айналымның жол шебері А. Әменовтің қарамағындағы телімдер жоғары сапалы күтімімен көзге түскен. Жолшылар ұжымы дистанцияның 50 жылдығына орай биылғы еңбек көрсеткіштерін табысты орындауға күш салуда.

М.Хайруллин,   ҚР журналистер одағының мүшесі                        

 
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды