Ғасырлық тарих сыр шертеді
Әлеумет
09.09.2016, 16:54
Ел экономикасының күретамыры – темір жол саласының тарихын «көзбен көріп, қолмен ұстағыңыз» келсе мұражайға барыңыз. 112 жылдық тарихы бар Қазақстан темір жолының пайда болуы, қалыптасу кезеңдері, дамуы туралы дәйекті деректерге толы 28 мұражай бар екен. Соның ішінде Елордадағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан Орталық темір жол мұражайының орны бөлек.
Құрылғанына биыл желтоқсан айында 6 жыл болатын мұражайдың бас қызметкері Ирина Кучерюктің айтуынша, оның жасақталып, қазіргі деңгейге жетуіне бірқатар темір жол басшылары атсалысқан. Атап айтқанда, сол кездегі компанияның әлеуметтік жұмыстар бойынша вице-президенті Асхат Акчуриннен бастап, президент кеңесшісі Асқар Сәрсембеков, аппарат жетекшісі Бейбіт Жүсіпов, әлеуметтік жұмыстар департаментінің басшысы Қорлан Медиханова, бас менеджері Әділ Қожасов сынды азаматтар ҚТЖ мұражайын ашу ісіне барынша атсалысқан.
–Мені бұл қызметке шақырғанға дейін темір жолдан бөлек көптеген ірі мұражайларда қызмет еткен едім. Жалпы бұл салада 31 жылдық еңбек өтілім бар. Сондықтан жұмысқа бел шеше кірістім. Айналасы 4-5 айдың ішінде залды реттеп, жөндеп, дайындап болдық. Маусым-тамыз айларында жан-жақтағы бөлімшелерге экспонаттар, деректер, фото суреттер жіберуге тапсырма берілді. Ардагерлеріміз де үйлерінде сақтаулы тұрған ескі жәдігерлерін, құнды мұраларды бізге әкеп өткізді. Сөйтіп бастапқыда 500 экспонатпен ашылған мұражайымыз одан кейін жаңа дүниелермен толыға отырып, бүгінде оның саны мыңға жуықтады, – дейді бас маман.
Қазақ темір жолының тарихын толық және ұғынықты баяндау үшін қандай деректер келтіру керек, қабырға стенділері, экспонаттар қалай қойылады, сөре тақырыптарын қалай таңдаған жөн? Жауапты тұлғалар бұл туралы ардагерлер ақыл-кеңесіне құлақ түре отырып, безендіруге Еуразия университетінен тарихшы маман шақыртыпты.
Ирина Кучерюк мұражай экспонаттары туралы жағалай түсіндіруді қазақ даласына ең алғаш теміржол салынған дәуірге арналған қабырғадан бастайды екен. «Алғашқы теміржолдар. ХХ ғ. басы» деп аталған стендте Оралға, сосын Петропавлға тартылған ең алғашқы темір жолдар туралы көне суреттер, мәліметтер, одан кейінгі Транссібір темір жолының салынып, оның 190 км Солтүстік Қазақстан өңірі арқылы өтуі, 1901-1906 жылдары ұзындығы 1660 км Орынбор – Ташкент темір жолының құрылысы жүріп, оның бүкіл Қазақстан аумағын кесіп өтуі, 1904 жылы алғаш рет сол жолда жұмысшы пойызы жүріп өтіп, аталған жылдың тарихта Қазақ темір жолының бастауы болып белгіленгені туралы тарихи мәліметтер келтірілген.
Әрі қарай «Алғашқы бесжылдықтар. 1930-40 жылдар», «Түркісіб. 1928-1931 жылдар», «Ұлы Отан соғысы жылдары. 1941-45», «Тың игеру жылдары», «Қазақ темір жолының басшылары», «Еңбек даңқы галереясы», «Қазақстандағы алғашқы темір жол көлігі», «Елбасы және темір жолдар», «ҚТЖ» ҰК» АҚ наградалары» және тағы да басқа тақырыптардағы стендтерден көрермен өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады. Сондай-ақ кезінде талай жыл станция басқарған теміржолшылар киген формалар, мундирлер мен шинельдер, кительдердің түпнұсқасы, өңірлеріндегі наградаларымен сақтаулы тұр. Өткен ғасырдың 30 жылдарында қолданылған станциялық қоңырау, станция бастығының жұмыс үстелі, темір жол тарихында болған небір түрлі сериялы тепловоз, паровоздар мен вагондардың макеттері, жолшылар шаблондары мен рельстердің әр жылдардағы үзік үлгілері, қазақтың тұңғыш суретшісі Ә. Қастеевтің «Түркісіб темір жолының ашылуы» атты атақты туындысының желісінде жасалған диарама, 1914 жылғы ескі темір жол картасы, телеграфтық аппараттар, машинистер құралдарын салған шарманкалары мен қол шамдары, вагондардың артына ілінген жарық түсіргіш шамдар, өзге де құнды жәдігерлер осы мұражайдан орын алған.
Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы құрылғалы қол жеткізілген жетістіктерге арналған бөлек шағын бөлме биыл ашылыпты. Мұнда Қазақстанда жасалған локомотивтер мен вагондар үлгілері мен Астананың жаңа вокзалының макеті, тәуелсіздік жылдарында ашылған темір жол жобалары туралы және компьютерде сенсорлық басқару арқылы ел темір жолын жол сызықтарымен ерекшелеп көрсетіп отыратын үлкен карта – қызықты әрі заманауи дүние болып табылады. Сонымен қатар қазақ темір жолындағы династиялар әулетінің шежіресі арнайы стендте бәйтеректің бұтақтары бейнесінде көрініс тапқан. Кіре берістегі көлемді журналға мұнда келген құрметті қонақтар өз қолтаңбаларын қалдырыпты.
Жұмыс күндері есігі баршаға айқара ашық жас мұражайға жылына шамамен 3000-4000 адам келеді екен. Қазақ темір жолының ғасырлық тарихынан сыр шертетін мұражай алдағы уақытта да құнды жәдігерлермен толыға беретіні анық.
Райхан РАХМЕТОВА
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн