Ер есімі - ел есінде

Әлеумет
21.07.2020, 12:02

Жолдас Бисалиевтің әкесі Нұрмұхан 1941 жылы Ұлы Отан соғысына кетіп, қайтып оралмаған. 15 жастағы жасөспірім бозбала еңбекке ерте араласады.

Анасы Үміт Гурьев теміржол станциясында жұмысшы еді. Елде ер-азаматтар қатары сирей бастаған қиын-қыстау шақта балғын жас ауыр жұмысқа бел шеше кірісіп, бір-ақ күнде теміржолшы болып шыға келеді.

Таңның атысы, күннің батысы Гурьев арқылы өтетін теміржолмен ерсілі-қарсылы ағылып, майдан даласына күнітүні жүк тасымалдап жатқан эшелондарды, әсіресе соғысқа ауадай қажетті Доссор мұнайын тоқтаусыз жөнелтіп отырған теміржолшылар қатарында, көбісі қыз-келіншектер мен қарттар, буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас балалар қатарында Жолдас та болды. Тынымсыз қияметқайыммен соғыстың екінші жылын да артқа тастайды. 1943 жылдың маусым айыда 17 жасқа толған Жолдас Бисалиевке де майданға шақыру қағазы келген.

Теміржолдың бойында қара жұмыстан қанжып, қабырғасы қайысып жүрген жалғыз жанашыры, анасы Үмітпен қош айтысып, әскери комиссариатқа жеткен. Бірақ жартылай әскери тәртіпке негізделген теміржолға да адам керек болғасын, броньмен тылға қайтарылып, бұрынғы кәсібіне қайта оралған. Тәулігіне 4-5 сағат көз шырымын алып, жол дистанциясының ең ауыр қара жұмысын иығына артып еңбек етеді. Сол кездегі №9 жол дистанциясында ақау тапқышпен Гурьевтен бастап, Жамансор, әрісі Жантерек пен Қандыағаш стан- циясы аралығындағы теміржолдың қауіпсіздігін тексеріп, жыртығын жамап, жыл он екі ай түзде жүреді.

«Ол кезде біздің үйде екі ешкіміз болатын, – дейді сол күндерді еске алатын Жолдас ақсақал, – таң атпай жұмысқа кетіп бара жатып анам Үміт екеуміз бір кесек нанмен бір тостаған сүт ішіп аламыз. Болса, бір тілім нанды қойнымызға қыстыра кетеміз. Болмаса ол да жоқ, күні бойы малта сорып жүріп жұмыс істейміз. Содан түн жарымда ұйқыға жатарда бір-ақ оралатын едік. Ол уақытта аяқкиім деген қайда, қыста сиыр терісінің жүнін ішіне каратып тігілген шарық киетінбіз, жазда қолдан тіккен шәркей ілеміз».

Броньмен екі жыл тылда еңбек еткен соң, әскери комиссариат майданға баруға тағы да шақыртқан. Міне, бүгін-ертең соғысқа аттанамыз деп жүргенде Қызыл Армия жауды ұясында талқандап, Жеңіс күні де келіп жетеді. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар да оңай болған жоқ, ауыр жұмыс, аштық пен жалаңаштық талай жылдарға жалғасты. 1946 жылы 19 жастағы Сәнім атты бойжеткенмен шаңырақ көтерді.

Жолдас аға мен Сәнім апа екеуінен 4 ұл, 3 қыз дүниеге келіп, бәрі де өсіп-өніп, бүгінде бір қауым ел болып отыр. 1963 жылы өндірістен қол үзбей Орынбор орман қорғау теміржол техникумын сырттай оқып бітірген Жолдас Бисалев АтырауСағыз-Қандыағаш, Никельтау-Шұбарқұдық, Мақат, Құлсары, Бейнеу станцияларында еңбек етеді. Ал 1966 жылы жаңадан құрылған Құлсары ағаш-орман қорғау дистанциясы бастығы қызметіне тағайындалып, Құлсарыға қоныс аударып, 1992 жылы зейнетке шыққанша еңбек етеді.

Ұзақ жылдар теміржол бойындағы станциялар мен разъездерде жол бойында тал көшеттерін отырғызып, оларды күтіп-баптап, жазда сусымалы топырақ, қыста қар борайтын жерлерге сол кездегі ши, қамыс сынды қолдағы бар материалдармен қалқан шарбақтар орнатып, қорғаныс жұмыстарымен айналысқан осы бір өте еңбекқор адамды Құлсары халқы осы күнге дейін ұмытқан жоқ. Күні бүгінге дейін Бекбике, Шоқпартоғай, Құлсары, Майкөмген маңындағы болат жолдарды құм көшкінінен қорғау үшін отырғызылған талдарақ, сексеуілдерде Жолдас ағаның қолтаңбасы жатыр. Сол еңбегінің арқасы ғой, 1974-1977 жылдар аралығы қатарынан төрт жыл «Социалистік еңбек жарысының жеңімпазы» атаныпты, ал 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1987 жылы КСРО Жол қатынастары министрлігінің «Темір жолға 150 жыл» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерен еңбегі үшін Жеңістің 40, 50, 60, 65 жылдық юбилейлік медальдарымен марапатталып, Президент Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын алған. Жолдас Бисалиев 2011 жылы маусым айында 85 жасында қайтыс болды. Рай, Ыбырай атты ұлдары әке жолын жалғаған Құрметті теміржолшылар болды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыру дегеніміздің өзі өлгенімізді тірілту, өшкенімізді жаңғырту, жоғымызды түгендеу дейді емес пе!? Олай болса, саналы ғұмырын болат жолдың игілігіне арнаған, туған жерді гүлдендіріп түлетуге сарп еткен тыл еңбеккері, Еңбек ардагері Жолдас Нұрмұханұлы Бисалиевтің есімі мұндай құрметке әбден лайық. Құлсары аудандық «Кең Жылой» газетінің №23 санында ардагердің бір топ шәкірті талайға ұстаз болған аяулы жанның есімін ел есінде қалдыру мақсатында өзі тұрған 9-учаскедегі тұрған үй маңынан бір көшеге атын беруге аудандық ономастика тобына ұсыныс айтыпты.

Біздің де айтарымыз осы, бұл теміржолшылардың тұтас бір ұрпағын тәрбиелеп өсірген теміржолшыға деген құрмет болар еді.

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН,

Құлсары, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Еңбек ардагері

Жаңалықтар
15.05.2025
Қазақстан мен Қытай "Алматы-Сиань" бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосуды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
15.05.2025
ЕО Елшісі Ақтау теңіз портына сапармен келді
Жолаушылар тасымалы
15.05.2025
9,5 мыңнан астам жолаушы пойыз бен вагонды ауыстырып отыру қызметтерін пайдаланған
Аймақтар
15.05.2025
Аралда теміржол өткеліне көпір салынды
Аймақтар
14.05.2025
«Әкем – асқар тауым»: Қызылордада әкелер мен ұлдар сайысы өтті
Қауіпсіздік
14.05.2025
20 мыңнан астам азаматқа теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Әлемде
14.05.2025
Қытайда сутегімен жүретін пойыз алғаш рет жолға шықты
Жаңалықтар
14.05.2025
Мас жолаушы пойыздың тоқтау-кранын жұлып алып, тоқтауына себеп болды
Жаңалықтар
14.05.2025
Қытай Қазақстанға алғашқы CEA1 магистральдық электровозын жеткізді
Жүк тасымалы / Апта саны
13.05.2025
ҚТЖ желісінде жүк тасымалы 4,5%-ға артты
Сұхбат
13.05.2025
Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ: «Шиеленісті жағдайды уақытылы шешуге мүдделіміз»
Аймақтар
13.05.2025
Ғибратты ғұмыр
Аймақтар
13.05.2025
Жүз жасаған кейуана
Станция тынысы
13.05.2025
Болашақ станциясы өсім жолында: жаңа дәреже – жаңа міндеттер
Аймақтар
13.05.2025
Теміржолшылар Жеңіс күні бірлік пен рухты паш етті
Жаңалықтар / Мұрағат
13.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №36 13 мамыр 2025 жыл
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қытайдан Орталық Азия елдеріне контейнерлік тасымал 104%-ға өсті
Жаңалықтар
12.05.2025
Қазақстан бидайы алғаш рет БАӘ нарығына шықты
Жаңалықтар
12.05.2025
Алты ел еуразиялық дәлізді қалыптастыру барысын талқылады
Спорт
12.05.2025
Бес вагон сүйреп рекорд орнатты