Тепловоз тізгіндеген батыр

Әлеумет
31.07.2020, 11:21
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Қайрат Жұмақанов – отыз жылдан аса ғұмырын теміржол саласына арнаған жан. Іргесін Түрксіб құрылысшылары қалаған әйгілі Шар станциясының тумасы бала жастан осынау алып машинаны тізгіндесем деген арманмен өсіпті.

Еңбек майданындағы алғашқы қадамын 22 жасында Аягөз локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастапты. Бұл 1986 жыл болатын. Үйренуден жалықпады, білмегенін сұраудан ұялмады, там-тұмдап тәжірибе жинауды мақсат тұтты. Араға екі жыл салып, Алматыдағы жол-техникалық мектепке қабылданды. Оны үздік бітіріп шыққан соң алдынан даңғыл ашылды. Аягөзге оралып локомотив пайдалану депосының қауырт қызметіне қайтадан кірісті.

Бірнеше жыл көмекшіліктен соң өзі де машинист болып бекітілді. Бір кездердегі асқақ арманына қол жеткізіп, жолаушылар пойызын тізгіндеп, алғаш рет көмекшісімен сапарға аттанған сәті күні бүгінге дейін айна-қатесіз жадында. Сол мезетте сонау балалық шақта дүрілдеген таудай биік тепловозды «ерттеп мініп» бара жатқан машинистерге қатты қызығып, пойыздың соңынан ұзақ қарайтыны есіне түсті. Ең күшті де батыр адам ол үшін сол машинист болатын. Содан бері, міне, арада бір кісінің ғұмыры дерлік 34 жыл өтіпті.

Қайрат Жұмақанов бүгінде әріптестері кеңес сұрайтын сақа машинистке, баяғы бала арманындағы тепловозды ерттеп мінген батырға айналды. 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей локомотив пайдалану депосының 1-ші класты тепловоз машинисі болып еңбек етуде. Техникалық сауатты маманға әсіресе қызметке жаңадан келген жас машинистер көп үйірсектейді. Ал Қайрат Алтайұлы жиған тәжірибесі мен кәсіби білімімен бөлісіп, қолғабыс етуден жалыққан емес.

Сондай-ақ, кездейсоқ кезіккен күрмеуі қиын өндірістік жағдайларда тез әрі тиімді шешім қабылдай білетін қасиеті оны әріптестері арасында дараландырып тұрады. Қайраттың бойындағы өзгелер ұнататын тағы бір қасиет – өзінің техникалық білімін үнемі жоғарылатып отыруы.

«Көргенім көп, көңілге түйгенім одан да көп, кәсіби тұрғыда толыстым» деген ұшқары ойдан ада. Үнемі ізденіс үстінде, өзін жетілдірумен келеді. Бәлкім, сондықтан да болар, Қайрекеңнің жетістігі жетерлік. Бүгінгі күні жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын орындауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Бұл – бір биыл емес, жылдағы дағдысы. Мәселен, оның техникалық жылдамдықтың орындалу көрсеткіші, тасымалдау жұмысының көлемі де үнемі жүз пайыздан жоғары болады. Сонымен қатар, дизель отынын үнемдеуде де ұдайы жетістікке жетіп жүр.

Тепловоз машинистері үшін жүктелер тағы бір үлкен жауаптылық – техникалық пайдалану ережелерін мүлтіксіз орындау, өзіне бекітіліп берілген көліктің ақаусыз, қалыпты жұмыс істеуін қадағалау. Бұл ретте Семей локомотив пайдалану депосында дәл Қайрат Алтайұлы тәрізді маман жоқтың қасы дейді әрептестері. Өзі жүргізетін темір тұлпардың «құйрықжалын» сүзіп шығып, жолға шығар алдында өзі баптайды. Техникалық жөндеу ісінің де кәнігі шеберіне айналған. Оған мысал жетерлік. Ұзын жолдың үстінде көмекшісімен бірге май құбыры жарылған тепловоз ақауын дер кезінде байқап, жедел қалпына келтіріп, апаттың алдын алған сәттері де бар.

Әрдайым еңбек озаты болу – оның өмірлік ұстанымы. Бұл қағидасынан жаңылмай келеді. Биыл да солай. Қазақстан теміржолының дамуына шүмектеп аққан терімен үлес қосып келе жатқан машинист абырой биігінен төмендеген емес. Алайда, тепловоз тізгіндеген батыр «бәрінен де өзімнің жұмыс орным – темір тұлпарымның кабинасында өткізген сағаттарым қымбат» дейді. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті