ҚТЖ-ның 120 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында өткен республикалық чемпионаттан түбек теміржолшылары жүлдемен оралды.
Ұлттық спорт түрлерінен өткен чемпионатқа алдын ала іріктеу бойынша Маңғыстау қосалқы бөлімінің бірнеше қызметкері жолдама алған болатын. Тоғызқұмалақ ойынынан Жайлаубай Жалғасбаев пен Айгүл Аяпова, асық атудан Тұрар Ниязов және Ерсайын Өмірғалиев, бес асықтан Айнұр Искалиева бақ сынасты. Нәтижесінде бүкіл ҚТЖ бойынша жан-жақтан келген он жеті команда арасынан жүлделі 3-орыннан көрінген түбек командасы елге жеңіспен оралып, мерейі үстем болды.