Аманжол – Азия чемпионы

Спорт
19.05.2026, 08:20
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жақында Маңғыстауда Азия құрлығының чемпионаты өтті. Осынау байрақты бәсекеге кір тасын көтеруден Семей электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Аманжол Аусыдықов арнайы қатысып, ұлттық компанияның намысын қорғады.

Осыған дейін де шаңғы көпсайысы, қол күресі сынды көптеген спорт түрлерінен республикалық жарыстардан бәйге алып жүрген ол осы жолы да жұлдызы жанып, бабы келісіп, жарты әлемнің спортшылары қатысқан біріншіліктің бас жүлдесін еншілеп, Азия чемпионы атанды.  

Айтуынша, Өзбекстан, Тайланд, Қытай, Моңғолия, Ресей, т.б. елдерден келген құрыш білекті спортшылар сынға түскен әлемдік додада өнер көрсету оңай болмапты. Ауыр атлетиканы серік ететін, осыған дейін ПЧ-39 мекемесінде, жол шаруашылығында жүріп шыңдалған Аманжол бұл жеңіске зор дайындық, шүмектеп төккен тердің арқасында жеттім деп отыр.  

– Осымен үшінші дүркін Азия чемпионы атану бұйырыпты. Бәрінен де бұрын ұлттық компанияның жалауын биік мінберден желбіреткенімді мақтан етемін. Алда бұдан да зор белестер тұр. Елге жеткен соң дайындықты қайта жалғастырамын, – дейді ол.  

Аманжол сондай-ақ осынау жеңісті жолға жетелеген рухани бапкері – бөлімшедегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова мен зор қолдау көрсеткен ЭЧ-18 мекемесіне, демеушілік жасаған салалық кәсіподақ ұйымына, барша жанкүйер болған теміржолшылар қауымына алғысын білдірді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда