Жоса құмның отанында жүк тасымалы қарқын ала бастады

Станция тынысы
12.04.2022, 10:55
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жосалы станциясы – Қармақшы ауданының орталығындағы 2 класты станция. Халық тығыз орналасқан өңірде теміржол көлігін пайдаланбайтын жан кемде-кем. Жолаушы халықтың дені пойызбен қатынаса, жергілікті кәсіпкерлер де теміржол тасымалына иек артуды құп көреді.

Негізгі жүк жөнелтуші «Анк Дәулет» серіктестігі өңірдегі жоса құмын өндіруші, жыл он екі ай сұраныс бойынша тапсырыс берушілерге жөнелтіп жатады. «Жаппасбаев», «Өмірзақов», «Ермекбаев» секілді жеке кәсіпкерлер де темір жолдың тұрақты клиенттері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс және тұтыну заттарын алдыру немесе жөнелтуде теміржол қызметін пайдаланады. Станция бастығы Бауыржан Баяновтың айтуынша, бекет жұмысын пайдаланатын кәсіпкерлер санын арттыру мақсатында аудан көлемінде теміржол көлігінің тиімділігін түсіндіру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Жосалылық теміржолшылар биылғы жылдың өткен үш айын табысты қорытындылап отыр. Өндірістік жұмыстарының жалпы көрсеткіші 100-139,3 пайыз аралығында асыра орындалған.

– Біздің 2-класты Жосалы станциясы Орынбор-Ташкент магистралінің бойында орналасқан байырғы бекет болғандықтан батыстан бері, оңтүстіктен кері жөңкілген транзиттік пойыз- дардың үлкен легін өткіземіз. Жоса құмның отаны Жосалыдағылардың барлығы – өз ісін жетік меңгерген тәжірибелі мамандар. Атап өтсем, станция кезекшісі Бақытбек Прмаханов, пойыз құрастырушы Куандық Истибаев, тасымал құжаттарын реттеу операторы Гүлсім Прмаханова, кезекші жанындағы оператор Гүлнәр Нұрмаханова, парк кезекшісі Әлихан Рысбаев, тауар кассирі Жұмагүл Балмаханова, жүк және багаж қабылдап-тапсырушы Әсем Өтегенованың қай-қайсысы да ұжым мақтанышына айналған майталмандар. Жалпы бекет жұмысы уақытпен шектелген. Әрбір жұмысты шектеулі уақытта ұтымды атқаруды станциялықтар шебер меңгерген, сондықтан бізде кестеден шығу, үлгермей қалу деген атымен болмайды, – дейді станция бастығы Бауыржан Баянов.

Айтуынша, кәсіпкерлер тапсырыс берген вагондардың дер кезінде кірме жолға берілуін станция кезекшілері мен пойыз құрастырушылар бірдей қадағалап, жүк түсіру мен тиеу де белгіленген уақыт ішінде атқарылуы назарға алынады. Жүктен босаған вагонның кірме жолдан алынып, жылжымалы құрамға тіркелуі де кезекші мен пойыз құрастырушының және жүк құжаттарын рәсімдейтін операторлардың қатысуымен берілген уақыт аясында жүргізілуі шарт. Сондықтан станциядағы әр теміржолшы өз жұмысын қателіксіз, кәсіби деңгейде, бұлжытпай атқаруға күш салады.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл