Төретам станциясының бүгінгі жай-күйі

Станция тынысы
20.06.2023, 11:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың солтүстігіндегі Төретам станциясында бүгінде жұмыс азайып, тіршілік саябырсыған. Жыл басынан бергі бес айдың ішінде 292 вагонға жүк тиеліп, 531 вагоннан жүк түсіріліп, тапсырыс берушілерге тапсырылған.

Бұл – бір қарағанда аты әлемге танымал станция әлеуетіне қораштау көрінгенмен, жергілікті теміржолшылар үшін жаман көрсеткіш емес. Себебі баяғыдай космодром қалашығына ағылып жататын жүк жоқ, станцияда жұмыс саябырсып, соған орай штат та азайған. Станция бастығы Нұржан Бекжанов дегенмен әр айға бекітіліп берілген тапсырмалар орындалып, өндірістік көрсеткіштер межеге жетіп отырғанын жеткізді.  

– Жыл басталғалы да, өткен жылы да жылжымалы құрамдарды станцияның қабылдап-жөнелту жолдарында кідіртіп қабылдау, кешіктіріп жөнелту жағдайлары болған жоқ. Маневрлік, пойыздық және өндірістік жұмыстар кезінде вагондарға залал келтіру, станция теміржолшыларының әсерінен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы тіркелген жоқ, – деді станция бастығы.

Ауысыммен жұмыс жасайтын төретамдық теміржолшыларды таңертеңгілік пысықтау иструктажынан өту барысында жолықтырдық. Әрі қарай станция кезекшісі Әлібек Залқараевтің сілтемесімен станцияның қызметін тұрақты пайдаланатын тапсырыс берушілер: «Цэнки» АҚ, «Ктж экспресс» және «Мир-2001» мекемелерінің кірме жолдарынан алынып құрамға тіркелуі немесе ағытылуы тиіс жүк вагондарын пойыз құрастырушылардың көмегімен ретке келтіру жұмысы басталды. Аға жүк қабылдап тапсырушы Қайырбек Төремұратов пен жүк және багаж қабылдаушы Бақытгүл Темірашева бекетке аялдаған вагондардан жүктерді қабылдап алып, аға тауар кассирі Марина Жалекеева мен тауар кассирі Жеңісгүл Айтбаева жүк құжаттарын тіркеп, есепке алуда. Ал техконтордың операторлары Мира Жалиева мен Күлән Ахаева вагондағы жүктердің техникалық құжаттамаларын рәсімдеумен айналысуда. Қысқасы, жұмыс көлемі азайса да, бекеттегі тынымсыз тіршілік тоқтаусыз жүріп жатыр...  

Ауысым арасындағы демалыс күндері станция теміржолшылары техникалық, теориялық білімдерін жетілдіру дәрістеріне қатысып, бекет басшылығы кестеге сай комиссиялық және айлық тексеріс, тосын тексеріс секілді қауіпсіздік шараларын тұрақты жүргізіп отырады.  

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды