Көне вокзал жаңа кейіпке енді (Фото)

Станция тынысы
14.12.2023, 11:56
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының теміржол вокзалы – тәулігіне мыңдаған жолаушыға қызмет көрсетіп, халықтың теміржол көлігін пайдалану қажеттілігін толығымен қанағаттандырып отырған қаланың бас қақпасы.

Сонау Орынбор-Ташкент магисталімен қатар 1905 жылы салынған көненің көзі ескі ғимаратқа қосымша 1969 жылы салынған ғимараттан тұратын нысан желтоқсан айында күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Аймаққа жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Марат Қарабаев тарихи нысанды аралап көріп, жүргізілген жұмыстарға бағасын берді. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев министр мен облыс әкіміне ғасырдан аса тарихы бар теміржол вокзалы ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар жолаушыларға көрсетілер сервистік қызмет түрлері туралы ақпарат берді.  

Қызылорда облысы әкімінің ұсынысымен, ҚТЖ Басқарма төрағасы Н.Сауранбаев пен Магистральдық желі дирекциясы филиалының бастығы  С.Рахметовтің  қолдауымен вокзалдың қос ғимаратына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары аясында  қауіпсіздік деңгейін арттыру шараларына баса мән берілген. Станция әкімшілігі 3 тексеру жабдығының жиынтығын, бірқатар біріктірілген қауіпсіздік жүйесін орнатты. Құрылыс жұмыстары облыс әкімшілігі мен «ҚТЖ» компаниясы басшылығының қолдауымен «Интеграстрой», «Бірсүгір» серіктестіктері мен бірнеше жергілікті демеуші мекемелердің атсалысуымен атқарылды.  

– Компания басшылығының тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары жергілікті атқарушы билік пен бөлімшесі басшылығының бақылауымен жүргізілді. жолаушылар пойызы қабылданатын станциялық екі жол платформасының беткі қабатына асфальт жабындысы салынды. Қосымша жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында платформаға жарық шамдары, перрон бойына жолаушыларға арналған орындықтар орнатылды. Вокзал ғимараттары еденінен бастап шатырына дейін сапалы құрылыс материалдарымен жаңартылды, – дейді директордың вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов.

Сонымен қатар 1905 жылы іргесі қаланған көне ғимараттың ішіндегі вокзал қызметкерлерінің анықтама, диктор, кезекші және тұрмыстық бөлмелердегі құрал-жабдықтар да толығымен жаңартылыпты.  

– Вокзалдың ішіндегі касса бөлмелері, күту залы, қызмет бөлмелерінің еденіне дейін жаңадан кафель төселді. Дауыс зорайтқыштар, диктор микрафондары да жаңарды. Су жаңа ғимаратта жаңа құрылғылармен жұмыс жасаудамыз, – деп қуанышымен бөлісті  вокзал кезекшісі Рая Қуандықова.

Иә,  күрделі жөндеуден өткен тарихи ғимараттың іші ұядай жылы, жұмыс бөлмелерінің еңсесі биік әрі жарық болғандықтан жолаушыларға жасалатын қызмет те сапалы, тиянақты болмақ. Мұнда жолаушылар тасымалы қалааралық, облысаралық және халықаралық бағыттарда жүргізіледі. Компания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін вокзалда ұсынылатын сервистік қызметтерді пайдалануға ешқандай кедергі жоқ.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда