Қазалы станциясы айына 1000 вагон жүк түсіреді

Станция тынысы
13.06.2024, 12:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бірінші класты Қазалы станциясы – аймақтың солтүстігіндегі өндірістік станция. Алпысқа жуық станция теміржолшысы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мен жүк тасымалын кедергісіз ұйымдастыру жолында кәсіби міндеттерін абыроймен атқаруда.  

Қазалы станциясының жүк түсірілім көлемі айына шамамен 1000 вагонды, ал жүк тиеу көлемі күніне 20 вагонды қамтиды. Жыл басынан бері өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің белгілеген меже бойынша орындалған.  

– Теміржол көлігінің экономикалық жағынан дамуы артып келеді, қатынас бағыттары түрлі мемлекеттер арқылы жүзеге асуда. Станция жұмысшыларының 80 пайызы жоғары білімді, тәжірибелі теміржолшылар. Олар өздеріне бекітілген қызметтік міндеттерін жақсы біледі, мінсіз орындайды. Табиғаттың мазасыз мезгілдерінде теміржолшылардың бірінен-бірінің көз жазып қалмай сақтанып жұмыс жасауы назарда ұсталады. Еңбеккерлердің барлығы маусымдық киім мен қажетті заттармен уақытылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік және кәсіби  мерекелерде компания мен бөлімше басшылығы тарапынан түрлі марапатқа ие болып жатқан қазалылық теміржолшылар қатары аз емес, – дейді Қазалы станциясының бастығы Серік Боранқұлов.

Айтуынша, станцияға аялдайтын пойыздарды рет-ретімен қабылдап, оларды құжаттары бойынша керекті операциялардан өткізіп, қайта жөнелту жұмыстарын станция кезекшілері Ө.Қарабеков, Б.Қараев, А.Дарибаевтар абыроймен атқарып келеді. Ал парк кезекшілері Ә. Мектепова, Г. Утеалиева, Е. Усенбаев, Ж. Сарменов жүк операцияларының кәсіби деңгейде атқарылуына үлес қосып жүр. Пойыз вагондарының тасымал құжаттарын өндеу операторлары Ұ. Мұханова, С. Карабай станция жұмысы көрсеткіштерінің жоспарға сай орындалуына, жалпы станциядағы өндірістік жұмыстардың ақаусыз атқарылуына атсалысып жүрген майталман мамандар.    

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады