Бәйгеқұм станциясындағы бір күн

Станция тынысы
13.08.2024, 10:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың Бәйгеқұм станциясы аймақтың оңтүстігінде орналасқан. Бір кезде ол жерде өнімі құрылысқа пайдаланылған Қамыс зауыты болды, іргедегі Қауынбаздан қара күзге дейін Сырдың бал татыған қауын-қарбызы тиеліп, алыс-жақын шетелдерге жөнелтілетін.

Бүгінде өндіріс орындары жұмысын тоқтатып, базары тарқаған бекетте тек теміржолшылар тірлігі жалғасын тауып отыр. Ауысыммен жұмыс жасайтын Бәйгеқұм станциясының теміржолшылары барлық қозғалысты РЦУП диспетчерлерінің реттеуімен жүзеге асырады. Жалпы үш жолы мен екі тұйық, кірме жолы бар шағын бекетте еңбек саласының қарапайым жұмысынан бастағандар, олар – станция бастығы әрі механигі Шерияздан Рахманқұлов пен станция кезекшілері Айхан Әлтаева мен Зүмрет Бакиров, Өмірбек Ахметов жетекшілік ететін жол дистанциясының жолшылары, вагон қараушы-жөндеушілер Серікбай Досқадіров, Мұрат Сақтағанов, КТСМ операторлары Бақытқали Ешматов пен Нұрбол Сәулебеков, байланысшы-электромеханик Сейілхан Байжанов, су мұнарасы операторы Дархан Жұмаділдаев сынды тәжірибелі, кәсіби мамандар. Қазір мұндай шағын бекеттерде станция кезекшісі мен механик жұмысы кіріктірілгендіктен теміржолшылар негізгі міндеттен бөлек жанама жұмыстарды қоса жүргізеді. Мысалы, жүк вагондары сирек тоқтайтын станцияда пойыз құрастырушының міндетін станция бастығы атқара береді. Шағын болса да шаруасы мығым бекетте биылдыққа қозғалысқа нұқсан келтіретін жағдайлар тіркелмеген. Қысқасы, шағын ғана ұжым станция шаруасын дөңгелетіп отыр.  

Билет кассасы болмаса да Қызылорда-Көкшетау, Қызылорда-Петропавл және Қызылорда-Түркістан бағытында қатынайтын жолаушылар пойыздары аялдап, жергілікті халықтың қажетін өтеп тұр.  

– Басты міндетіміз – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күнделікті графикте белгіленген жұмыс станциялықтар үшін аз шаруа емес. Мысалы, 684-ЦЗ пәрменімен бекітілген графикте көрсетілген жұмыстар станция шекарасынан өтетін пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін атқарылады. Және күн сайын атқарылған жұмыстардың уақыты көрсетіліп, арнайы ШУ-2 және ДУ-46 журналдарында хатталады. Хатталып қана қоймай, өзара атқарған жұмысымызға есеп беріп бақылап отырамыз, – дейді станция кезекшісі Зүмрет Бакиров.  

 

Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады