Шиелі станциясының бүгінгі тыныс-тіршілігі

Станция тынысы
15.01.2025, 16:42
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіндегі шоқтығы биік станциялардың бірі – Шиелі. Өткен жылы өндірістік жұмыс жоспарын межеден асыра орындаған шиеліліктер биылғы жылдың алғашқы айын да қалыптасқан еңбек ырғағымен бастап кетті.

Өткен жылы Шиелі станциясында атқарылған жұмыстардың ішінде бекет жолдарына заманауи технологиялық баптау жасалуы – өндірістік жұмыстардың тиімділігін арттыра түскені  анық. Станцияға келіп аялдайтын әрбір пойыз, әр вагон есепке еніп отырады. Ол есептің жиынтығы станция теміржолшыларының өндірістік жұмысының нәтижесін айқындайтын көрсеткішті құрайды. Жыл басынан бері пойыздық, маневрлік жұмыстар кезінде тосын жағдайға жол бермей қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып отыр, – дейді станция  бастығының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров.   Айтса айтқандай, станциялықтар өткен жылдың он екі айында   өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің жоспарын 109-193 пайыз аралығында асыра орындап, жылды табысты қорытындылады.  Жоспардағы 5711 вагон орнына 7232 вагонды 488 642 тонна жүкпен толтырып, меже 127 пайызға асыра орындалған. Кірме жолдарға 23 475 вагон беріліп, 16 193 вагоннан жүк түсірілген. 638 пойыздан  27 418 вагон бөлшектеліп, қайта құрастырылып, 654 пойызға 24 429 вагон тіркелген. Транзитті 25 929 вагон жылжымалы құрамнан ажыратылып, 41 677 вагон тіркеліп, жөнелтілген.  

Пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілген жоқ. Теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешілген, маусымдық киімдермен толық қамтылған, ұжымдағы тәртіп мәселесі қатаң сақталған.

Нұрғали Әбжапбаров станция жұмысының «отымен кіріп, күлімен шығып» дегендей еңбек етіп, ұжымда үлкен сенім мен беделге ие болған теміржолшылармен мақтанатындарын да жеткізді. Олардың қатарында  пойыз құрастырушылар Б.Тұрсыманов пен Е.Мырзағұловтың, тасымал құжаттарын өңдеу операторлары Т.Піржанова мен С.Шалекееваның, тауар кассирі Р.Бижанова мен жүк және багажды қабылдап-тапсырушы М.Орынбаеваның есімдерін құрметпен атап өтті.    

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға