Қызылорда станциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
23.01.2025, 09:37
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясы арқылы батыстан шығысқа, теріскейден түстікке бағыт алған пойыздар легі тәулік бойы тынымсыз қозғалыста. Сырдария өзені жағасындағы бекіністе іргесі қаланған тарихи станция сонау Орынбор – Ташкент магистралінің құрылысы басталған жылдардан бері қызмет істеп келе жатыр.      

Бірлігі бекем бекеттің берекелі тірлігі жергілікті теміржолшылардың еңбегінің арқасында табысты жалғасуда. Қызылорда станциясы бастығының орынбасары Алмас Ұзақбайұлы өткен жылы жүк тасымалы жұмыстарын 106,1-140,2 пайыз аралығында орындауға қол жеткізгендерін айтып өтті. 

   

– Қызылорда – бірінші кластық, өндірістік станция. Бекеттің алты станциялық жолы мен бірнеше кірме жолдар жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға жарап тұр. Өткен жылы 4907 вагонға жүк тиеп, алдыңғы жылғы 4409 вагондық жоспардың 147,1 пайызын құрады. Жүк түсіру жоспары 10 950 вагоннан 13 277 вагонға жеткізіліп, меже 121,3 пайызға асыра орындалды. Әр теміржолшы өз міндетін мінсіз атқаруға дағдыланған, өйткені олардың бәрі – алды 20-30 жыл, соңы 5-10 жыл еңбек етіп жатқан тәжірибелі мамандар. Сонымен қатар жұмысшы-қызметкерлердің білімін жетілдіру бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп, техникалық кабинетте түрлі тақырыпта дәріс өтеді. Еңбек қорғауға жіті көңіл бөлініп, санитарлық, киім ауыстыру, жуынып-шайыну бөлмелері қажетті заттармен ұдайы қамтамасыз етіледі. Теміржолшылар арнайы жұмыс киіммен, жеке қорғаныс заттармен қамтамасыз етілген, – дейді станция бастығының орынбасары Алмас Ұзақбаев.

Белкөл мен Қараөзек бекеттері аралығында орналасқан станция арқылы тәулігіне жүзге жуық жүк пойызының құжаты рәсімделетіні – оның жұмысының ауқымдылығын көрсетсе керек. Төрт ауысыммен жұмыс жасайтын теміржолшылардың қатарында маневр диспетчері Талғат Дәуленов, станция кезекшісі Қуаныш Бегалиев, пойыз құрастырушы Ақылбек Палманов, тасымал құжаттарын өңдеуші оператор Тоқтар Кенжебаев, аға тауар кассирі Апипа Ерешова, жүк және багаж қабылдап-тапсырушы Ұлдар Аймаханова, аға тауар кассирі Фарида Кеңесбаева, тауар кассирі Гауһар Ермекова сынды еңбек озаттарының аты құрметпен аталады.    

Станциялықтар тәулігіне мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсететін возкал ұжымымен қоян-қолтық жұмыс істейді. Себебі олардың атқаратын міндеті салаға байланысты әртүрлі болғанымен, міндет-мақсаты ортақ – қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, аймақ теміржолы қызметіне сын келтірмеу болып табылады.    

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды