Қызылсай теміржолшыларының қарбалас қызметі

Станция тынысы
20.05.2025, 08:31
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қырықтан аса адам еңбек ететін 1-класты Қызылсай станциясынан күн сайын 70 вагон жүк тиеліп, 150-170 вагон жүк станция маңындағы тұйық жолдарда босатылады. Ал сол вагондардың қысқа қашықтықта жүріп-тұруы мен жалпы қозғалысын қамтамасыз етуде қызылсайлық теміржолшылардың еңбегі зор.

Негізінен станция аумағынан жөнетілген жүкке қарағанда осы маңға жеткізіліп жатқан жүк көлемі жоғары. Ал оның басым бөлігі – шикізаттық тауарлар. Яғни жергілікті кәсіпорын, мекемелерде өңделіп, түрленіп, дайын өнімге айналып, экспортталады немесе еліміздің түкпір-түкпіріне қарай кері ағылып жатыр деген сөз. Айталық, «Стандарт цемент» ЖШС, «Юнекс», «Тассай» сынды отандық тауар өндірушілердің әрбірі күніне 15-20 вагонға жүк тиеп, жолға салып жатады. Ал олардың өнімі көп жағдайда Өзбекстан мен Ресейге экспортталатын көрінеді. Тіпті солтүстіктегі көршіміз Шымкенттен шығатын кәдімгі қара суды вагонмен тасып ішіп отыр екен.  

Бүгінде Қызылсай станциясы қызмет көрсететін аумақта 44 кіреберіс жол бар. Қыста жағатын көмір тасу кезеңінде осы жолдар Шымкентті былай қойып, Түркістан облысының алыс-жақын аудандарындағы әлеуметтік нысандарға қажетті көмір көлемінің жеткізілуіне атсалысады. Себебі олардың бәрі жекенің қолында болғанымен бір кіреберіс жолдың өзі бір мезетте 5-тен 15-ке дейінгі аралықта вагон қабылдай алатын әлеуетке ие. Осылайша олардың бәрін жинақтағанда тәулігіне 120 вагонды қабылдап, босатып бере алады. Сол сияқты қызылсайлықтардың өңірді көгілдір отынмен қамтамасыз етуде де қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз. Айталық, газ құйып алу эстакадасымен жарақтандырылған 3 кіреберіс жолдың маңында жүздеген мың тонна газ сақтайтын қоймасы да қалыпты қызметті үйлестіруде. Мұның сыртында Шымкенттегі даңқты сыра зауыты мен ірі сауда үйлерінің тауарларын жеткізіп беріп, босаған вагонды тұйық жолдан алып кету сынды міндеттемелер – осы станцияның негізгі қызметі. Баянды Мамырқұлұлы басқарған ұжым осындай шаруалардың шашауын шығармай, тастай қып ширатып-ақ келеді. Бүгінгі таңда ұжымда 10 пойыз құрастырушы мен 13 жүк қабылдап-тапсырушы, 5 станция кезекшісі және 5 станция кезекшісінің операторы сынды маман иелері мекеменің тыныс-тіршілігін ұршықша иіреді. Яғни олардың бәрі де сайдың тасындай іріктелген «сен тұр, мен атайын» деген өз саласының кіл мықтылары. Осындай қарқынмен еңбек ететін ширақ қимылды қызылсайлық теміржолшылар айына 1 527 вагонға жүк тиеп жөнелткен. Сол сияқты 4 234 вагон тұйық жолға кіргізіліп, босатылған. Бұл – ай сайын жүргізілген есеп-қисаптың орташа есептік көрсеткіші. Ал жылдық вагонайналымға назар аударар болсақ, көрсеткіш 68 201 вагонды құрайды.  

– Біздің қызмет көрсету бағытымыз – негізінен жүктерді тиеп-түсіру. Жолаушыларға қызмет көрсетпейміз, сол себепті бізде вокзал ғимараты қарастырылмаған. Бұл – Қызылсайдың қызмет көрсету бағытындағы айрықша атап өтетін ерекшелік, – дейді станция бастығы.  

Солай десек те, станция паркі елді мекен мен тұрғындардың үй-жайы орналасқан аймақта қалып қойған. Оған қоса, өндірістік кәсіпорын орындары мен олардың қоршау, қора-жайлары да аз емес. Сол себептен қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта тиісті органдардың жауапты мамандарымен кеңесіп, келісе отырып, тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мақсат – қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты