Жаңаесілдің жұмысы жандануда

Станция тынысы
06.06.2025, 09:43
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тоғыз жолдың торабында орналасқан кластан тыс Жаңаесіл станциясынан өткен жылы 196 контейнерлік пойыз Алтынкөл – Достық теміржолы арқылы Қытайға тиелді. Биыл 4 айда экспортқа осы бағытта 86 контейнерлік пойыз астық жөнелтілді.

Үш бағытта пойыздар қозғалысы қалыптасқан станциядан одан бөлек транзиттік жүк және жолаушылар тасымалы өтеді. Қазақстан бойынша да жүк тасымалын ұйымдастыруда станциядағы барлық құрылымдар ауызбіршілікпен жұмыс істеп, ел темір жолының дамуына табанды еңбегімен атсалысып келеді. Жаңаесіл станциясының бастығы Ерлан Рахимжановтың айтуынша, станциядағы тынымсыз тірлік тоқтаусыз, себебі күре жолдың бойындағы станция қызметінің орны бөлек. Бұл жерден Қостанай, Преснягорковка және Көкшетау бағытына үш жол қозғалысы бар. Сол жолдармен станцияны басып өтіп, тәулігіне 38 жүк пойызы, 6 жолаушылар пойызы жүреді. Былтыр Қазақстан бойынша станциядан 11 865 вагон жүк тиелсе, Орта Азияға 8 237, Ресейге 1 594, Әзірбайжанға 276, Латвияға 333, Беларусьқа 9 пойыз жіберілген.  

Сонымен қатар станцияда құрама жем зауыты салынып жатыр. Оның жұмысы басталғанда станциядан тиелетін жүктер саны арта түседі. Осындай ауқымды жұмысты атқарып, жүк пен жолаушылар тасымалының қауіпсіз қозғалысын ұйымдастырып отырған станцияда 110 адам еңбек етеді. Жалпы торапта ПЧ, ШЧ, ТЧ, ЭЧ мекемелерінің және басқа да сала жұмысшыларын қосқанда 1 175 теміржолшы бар. Сипаты бойынша жергілікті болып саналатын станция 24 темір жолдан тұрады, оның 9-ы жүк пойызын қабылдауға және жөнелтуге, 14 жол пойыздарды сұрыптауға арналған. Одан бөлек 44 кірме жолы да бар.  

– 2024 жылы жүк тиеуге берілген жоспар 21 220 вагон еді, ал нақты тиелген жүк жоспардан тыс 24 045 болды. Биыл төрт ай қорытындысы бойынша жүк тиеуге берілген жоспар 24 075 вагон болса, жоспардан тыс 23 890 вагон тиеліп отыр. Бұл дегеніміз берілген жұмыс жоспардан тыс 100% орындалуда деген сөз. Өткен жылы жүк түсіруге берілген жоспар 15 533 вагон болған, ал нақты 15 786 вагон жүк түсірілді, осы жылдың төрт айында 11 617 вагон жүк түсіріліп отыр. Мұның бәрі станциядағы қарапайым теміржолшылардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында атқарылып отыр. Сондықтан олардың әлеуметтік жағдайын жасап, техникалық сабақта білімін көтеруге жағдай жасалады, – дейді Жаңаесіл станциясының бастығы Ерлан Рахимжанов.  

Қазіргі таңда Жаңаесіл станциясының вокзалына күрделі және дөңеске ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп ұзамай жаңаесілдік теміржолшылар жаңаша сипат алған вокзалда жұмыс істейтін болады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда