Бейнеудің мүмкіндігі артады

Станция тынысы
10.02.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Төрт бағытта қызмет көрсететін Бейнеу станциясының жүк қабылдап-өткізу мүмкіндіктері молая түспек. Бұған дейін станцияның «Б» паркінде жеті жол бар болса, енді тағы қосымша бірнеше жолдың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты станция жолдарын көбейту жұмыстары өткен жылдың күзінде басталған. Шалқар – Бейнеу қабылдау және жөнелту жолдарын дамыту, кеңейту жобасына сәйкес Бейнеудің «Б» паркіне тағы жеті жол салу жоспарланған болатын. Станция тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан алдағы жылдардағы өткізу деңгейін есепке алып, жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының қазіргі қарқыны жоғары.  

– Станцияда төрт бағыттан келген жүктерге қызмет көрсетіледі. Өткен жылы 8305 пойыз қабылданып, 8548 пойыз жөнелтілді. Екі мың вагоннан астам жүк түсіріліп, бес жүз вагонға жуық жүк тиелді. Станцияға қарасты Күйкен бекетінен 9878 вагон жүк тиеліп, 116 вагон жүк түсірілді. Бұл бекетке былтырғы қаңтар айынан бастап Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылуы жүк көрсеткішін одан әрі арттырды. Станциядан өтетін жолаушылар пойызының саны да жылдан жылға көбейіп келеді. Былтыр ол 55 мыңнан асса, алдыңғы жылы 30 541 пойыз жөнелтілген. Сол сияқты жүк көрсеткіштері де салыстырмалы түрде алдыңғы жылғыдан жоғарылады. Қабылданған және жөнелтілген пойыздар 2024 жылғы көрсеткіштен 500-550 пойызға дейін артты. Сондықтан жаңадан тағы жеті жол іске қосылса, жүк операциялары кезінде туындайтын кейбір қиындық-кедергілер жойылатын болады. Бүгінде ол жолдардың бәрі де салынып, құрылысы аяқталып қалды. Қазір қабылдап, іске қосу процестері жүргізілуде, – дейді станция бастығы Бақытжан Тұраев. Бақытжан Асқарұлы он бес жыл бұрын темір жолдағы еңбек жолын Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған екен.  

Тәжірибесін әр жылдары станция кезекшісі, пойыз диспетчері, Бейнеу станциясында бас инженер, бөлімшенің логистика бөлімінің инженері лауазымдарында шыңдаған. Өткен жылғы жаздан бері учаскелік және бірінші санатты Бейнеу станциясын басқарып отыр. Еске сала кетсек, Бейнеу – Мақат, Маңғыстау, Тассай, Өзбекстан бағыттарында жүк және жолаушылар пойыздары қабылданып, жөнелтілетін бірінші санатты станция. Станцияда тиеп-түсіру жұмыстарын жүзеге асыратын алты кірме жол бар.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл