«Тұлпар» зауыты «Тальго» вагондарын шығару жобасын аяқтады

Трансформация
02.09.2022, 09:02
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Тұлпар» вагон жасау зауыты» ЖШС-де испандық «Patentes Talgo» компаниясының технологиясы бойынша жүрдек жолаушылар вагондарын шығару жобасы аяқталды. Осыған орай өткен басқосуда зауыт ұжымы аз уақытта вагондарды құрастырудың барлық кезеңін игергені атап өтілді.

 Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы (бас директоры) Еркін Базарханов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Айбат Қанғалиев, ҚР-дағы «Patentes Talgo S.L.» филиалы техникалық қызмет көрсету базасының директоры Владимир Киселев пен «Тұлпар» вагон жасау зауыты» ЖШС бас директоры Сейітжан Ілиясов қатысты.  

– Ұлттық теміржол компаниясының басшылығы жолаушылар вагондары паркін жаңартуға үлкен көңіл бөліп келеді. Сондықтан бүгінгі оқиға бәрімізді   қуантпауы мүмкін емес. Patentes Talgоның зауытты басқарудан бас тартуына, жинақтаушы бөлшектерді дайындаушы-жеткізушілермен байланыстың үзілуіне, зауыттың үш жылдан астам мерзімге толық тоқтап тұруына байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, зауыт ұжымы Үкімет пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолдауымен 2 құрамды немесе 62 вагонды жинап, өндірістік бағдарламаны толық көлемде іс жүзінде орындай алды. Бұл партияны жеткізу арқылы зауыт толығымен тұтынушылармен есептесіп, пайдаға шығады. Атап өтерлігі, бұл вагондар толығымен зауытта жиналды және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның технолог қабылдап алушыларында вагондарды құрастыру бойынша сұрақтар туындаған жоқ, – деп атап кетті Қанат Әлмағамбетов.

 Биылғы шілде айының ортасында берілген 31 вагоннан тұратын бірінші құрам Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында қатынауда. 31 вагоннан тұратын бұл құрам осы бағыт бойынша біраз жол жүріп, содан кейін Алматы – Павлодар бағытына қызмет көрсететін болады. Олар төмен платформаларға қол жеткізуге арналған көтергіштермен, жиналмалы үстелдермен, әрбір купеде температураны жеке реттейтін ауабаптау жүйесімен, себезгі қондырғысы бар санитарлық тораптармен және т.б. жабдықталған және ең бастысы, жолаушыларды қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдаудың барлық талаптарына сәйкес келеді.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрам паркінде бүгінгі таңда «Тұлпар» вагон жасау зауытында Patentes Talgo технологиясы бойынша өндірілген 676 вагон бар, оның 240-ы кең шанақты.  

Вагондарды құрастыруда қолданылатын барлық материалдар мен жинақтар еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Жобаның жергілікті құрам деңгейі 35%-тен астамды құрады. Бұл жобада зауыт алюминий шанақтарды дәнекерлеуден және оларды бояудан бастап, барлық жабдықтар мен жүріс бөлігін орнатудан бастап іске қосу-жөндеу жұмыстары мен сынақтар кешені аяқталғанға дейінгі вагондарды құрастырудың барлық кезеңдерін игерді.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл