Болашақ негізі бүгіннен қаланады

Трансформация
16.12.2022, 10:41
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ХІ республикалық жастар форумы шеңберінде қатысушылар Компанияның топ- менеджерлерімен панельдік пікіралмасу алаңында жүздесіп, жас басшылардың өз ауыздарынан «ҚТЖ транформациясы: бастамалар, сын-тегеуріндер, міндеттер» тақырыбында ұлттық компанияның стратегиясы, даму бағыттары туралы мағлұматтарға қанық болды. Панельдік сессияға модераторлық еткен Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Замир Серіков спикерлерге сұрақтар қойды.

1-сұрақ Руслан сізге бағытталады: Компания стратегиясын жаңарту бөлігінде қандай жұмыстар жүргізілуде? Әсіресе, дамудың қай салалары ерекше көңіл бөлуді қажет етеді?  

Руслан Мужиков, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегия және тұрақты даму департаментінің директоры:  

Қазіргі қолданыстағы стратегия бес негізгі бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – қаржылық тұрақтылық, өздеріңізге мәлім, Компанияның жоғары деңгейде қарызы бар. Сондықтан компания қаржылық институттармен, Үкіметпен, құзыретті органдармен тарифті көтеру, қарызды азайту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.  

Екінші бағыт операциялық тиімділікке негізделген. Осы ретте, вагон, локомотив шаруашылықтары және магистральдық желі дирекциясы бойынша операциялық тиімділікті арттыру бағытында әртүрлі шаралар, стратегиялық сессиялар өткізілуде.  

Үшіншісі – клиенттердің қанағаттанушылығын арттыру. Осыған орай, өлшемдер жасап, біз негізгі жүк жөнелтушілермен сауалнама жүргіземіз, және де алынған нәтижелер базасында қызмет көрсетілімін жақсартуға, жақсы сервис ұсынуға мүмкіндік беретін түрлі шаралар өткіземіз.  

Төртіншісі – теміржол саласындағы стандартты бағыт, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі және еңбек қорғау. Бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді.  

Бесінші бағыт – тұрақты даму мәселесі. Бұған әлеуметтік, экологиялық аспектілер және корпоративтік басқару кіреді.  

Мемлекет басшысы ҚТЖ-ны көлік-логистикалық компанияға трансформациялауға тапсырма бергенін білесіздер, осыған байланысты біз стратегиямызды түзетуді жоспарлап отырмыз. Әсіресе транзитті күшейтуге, хабарды дамытуға басымдық беріледі.  

Сондай-ақ Ұлттық компания бірінші рет, ESG рейтингін жеңіп алды. Бұл – біздің Компания үшін жоғары дәреже. Сондықтан Компания әлеуметтік аспект бойынша, яғни адам капиталын күшейту бойынша жұмыс жасап, экология мәселелерін қарастыратын болады.  

2-сұрақ: Функциялардың кеңеюіне байланысты ҚТЖ-да жаңа процестердің пайда болатыны заңдылық. Бұған қоса қолданыстағы процестерді біріктіру, яғни трансформациялау қажет. Ержан, осы ретте, қандай жаңа процестер ҚТЖ үшін сын-тегеуріндер болмақ? Және бизнесті трансформациялау командасы қалай ҚТЖ-ға өзгеруге көмектесе алады? Мүмкін бұған біздің жастарымыздың да көмегі тиіп қалатын шығар.  

Ержан Наурызбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бизнесті трансформациялау орталығы» директорының орынбасары:  

Мемлекет басшысының ҚТЖ-ны толыққанды көліктік-логистикалық компанияға (КЛК) айналдыру туралы тікелей тапсырмасы бар. Жаңа толыққанды КЛК-ның негізгі міндеттері болып, біріншіден, елдің транзиттік әлеуетін дамыту, екінші – аталған әлеуетті монетизациялау, үшінші – өңірлік хабтарды дамыту табылады. Осы жерде, айрықша атап өтерлігі, қауіпсіз, сенімді, тұрақты жүк тасымалын қамтамасыз ету Компания басымдықтарының бірі болып қалады.  

Біз өткен жылдардың жұмысына талдау жүргізе отырып, 2010 жылдан бері ауқымды жұмыстардың атқарылғанына көз жеткіздік. Оны өздеріңіз де білесіздер. Қытайдың провинцияларымен меморандум жасалды, Қытай-Еуропа-Қытай бағдарында пойыздар жөнелтілді, солтүстік бағдарда жүк тасымалымен айналысатын ОТЛК ЕРА құрылды, яғни қазіргі күні ҚТЖ-ның толыққанды КЛК ретінде жұмыс істеуі үшін іргетасы қаланды, базасы жасалды. Транзит туралы айтқанда, бір қызығы, 2015 жылдан бастап транзит бес есеге өскен. Ал өткен 2021 жылдың соңында біз рекорд жасадық, Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзиттік тасымал 1 млн ДФЭ-ден асып, тарихи көрсеткішті құрады. Бұл маңызды көрсеткіштер дәрежесін көтеру бағытында жұмыстар жалғасатын болады. Осы ретте, Қазақстан солтүстік-оңтүстік, шығыс-батыс бағдарында ең ұтымды, қысқа теміржол көлігінің дәлізі екенін айтар едік. Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайында Қазақстан арқылы теңіз порттарымен жүк тасымалдаудың да келешегі зор екенін көріп отырмыз. Ал транзитті монетизациялау бағытына келсек, дәл қазіргі сәтте, Қазақстан транзитке инфрақұрылымын ұсынып отырған алаң қызметін атқарып отыр, бірақ келешекте біз белгілі бір жерлерде транзиттік пойыздарды құрастыруға қатыса отырып, монетизациялауға көшуге ниеттіміз.  

Сонымен қатар жаңа перспективалы стратегиямызда Қазақстан аумағында жаңа өңірлік сауда хабтарын құрастыру қарастырылуда. Неге десеңіз, Қазақстан шығыс-батыс және солтүстік-оңтүстік сияқты жаһандық сауда бағдарлары түйісетін нүктеде орналасқан. Сол себепті біздің команда қазір Еуразия хабы бола алатын елімізде сауда хабтарының орналасу локацияларын зерттеп жатыр. Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы. Ол бұл туралы сайлауалды кампаниясы кезінде айтқан болатын.  

Әлбетте, біз толыққанды Көлік-логистикалық компания болу туралы айтқанда, тек теміржол көлігін ғана емес, сонымен қатар теңіз, автокөлік бағдарын да меңзейміз. Осыған орай, қазір әрбір көлік түрінің оңтайлы дұрыс бағдарын таңдау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бәлкім ол әріптестік, бәлкім бірлескен кәсіпорын болуы мүмкін. Қандай жағдайда да біздің компанияның логистикалық рөлін күшейтуге басымдық берілетін болады. Сонымен біз толыққанды КЛКға айналғанда қандай нәтижеге қол жеткіземіз:  

Бірінші, транзиттік әлеуетті монетизациялаудың ұлғаюына. Ал Компанияның транзиттен түскен кірісі, компанияның ішкі басқа салаларын субсидиялауға кететіні бәрімізге мәлім. Екіншіден, өңірлік хабтарды дамытуға, Қазақстан арқылы өтетін сауда-жүк ағынын көбейтуге. Бұл өз кезегінде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер көкжиегі. Трансформация кезінде басты назарда қауіпсіз, сенімді әрі тұрақты жүк тасымалын қамтамасыз ету маңызды болып қалатынын тағы да айтқым келеді. Бұл қазақстандық және сыртқы жүк жөнелтушілер үшін бірдей болмақ. Транформация тарапынан осы мәселеге қатысты Бизнесті трансформациялау орталығы шеңберінде жобалық-талдау орталығы (ЖТО) құрылды, оның негізінде Компанияның топ-менеджментімен стратегиялық сессиялар өтіп тұрады. Осы ретте, менің командамда қызықты лауазымдық бос орындар бар екенін атап өткім келеді, егер кімге проблемаларды анықтау, инжиниринг процестері сияқты мәселелер қызықтырса, хабарласуларына болады. Менің сіздердің тараптарыңнан ұсынылған жобаларды қарап шығуға мүмкіндігім болды, мені қызықтырған жобалар да бар. Мен олардың авторларымен сөйлесіп, кездесуге дайынмын. Жалпы біздің команданың мүшесі болмай-ақ, өздерің еңбек етіп жатқан жергілікті орындарда өзгерістер агенті ретінде трансформацияға үлес қосамын десеңіздер, сіздерге әрдайым ашықпын.  

Спикерлер қатарында болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Автоматизация және цифрландыру дирекциясы директорының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары Айзек Жұпанхан және «KTZ Express» АҚ бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар өздерінің мекемелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталып, ҚТЖ-ның даму стратегиясына қосып жатқан үлестерімен бөлісті. Пікіралмасу панелінің соңында қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, тіпті өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Атап өтерлігі, сұрақ қоюшылар қатары қарақұрым болды, бірақ, уақыттың тапшылығынан барлығы жауаптарын қойып үлгермеді. Дегенмен, форумды ұйымдастырушылар респонденттердің сұрақтарын жазбаша түрде спикерлерге жолдап, жауаптарын міндетті түрде иелеріне қайтаратындарын жеткізді. Бұл да болса, форумға қатысушы жастардың өздері еңбек етіп жатқан Ұлттық компанияның кемелді болашағына ниеттес екендіктерін танытып, қамқорлығын, қызметтеріне адалдығын айқындай түссе керек.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл