ҚТЖ: инновациялық даму аспектілері

Трансформация
03.04.2026, 09:35
Сурет: gov.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инновацияны дамыту мәселесі қаралды. Отырысқа қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов компаниядағы инновациялық даму жұмыстары туралы баяндады.

Марат Арапбекұлы ҚТЖ жыл сайын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуде халықаралық ұйымдармен және отандық ғылыми-зерттеу институттарымен қарым-қатынас жасайтынын атап өтті. Оның ішінде негізгі бағыттарға тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру, жылжымалы құрамның қатынауы, темір жол инфрақұрылымының диагностикасы және ақпараттық жүйелерді дамыту жатады. Мәселен, соңғы 5 жылда 50-ден астам ғылыми-зерттеу жұмысы орындалған.  

- Инновациялық қызмет бойынша ALT University-мен бірлесіп, темір жол саласы мамандарының дайындық деңгейін арттыру үшін жол шаруашылығы және энергетика зертханалары ашылды. Өткен жылы ҚТЖ базасында жобалау-конструкторлық бюро құрылды, оның жұмысы өз құзыреттерін дамытуға және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Satbayev University оқу орны темір жол көлігінде Зияткерлік жүйелерді сынау және енгізу үшін қосымша Зертханалық кешен ашады, - деді М. Шакенов.  

Одан әрі спикер Қарағайлы – Көкпекті қызметі аз учаскесіндегі «АЙМАҚ RAIL» пойыздар қозғалысын аралық реттеудің цифрлық жүйесі туралы айтып берді. Өткен жылдың желтоқсанында ұзындығы 247 км Starlink спутниктік жүйесін қолдана отырып, жобаны өрістету бойынша жұмыстар басталды. Бұл учаскенің өткізу қабілетін бірінші кезекте тәулігіне 4 жұп пойызға дейін, екінші кезекте 7 жұп пойызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте тасымал көлемі бірінші кезекте жылына 3 млн тонна, екінші кезекте 5 млн тоннадан астам жүкті құрайды. Пойыздарды тестілік іске қосу осы жылдың сәуіріне жоспарланған. Күтілетін экономикалық тиімділігі жылына 11 млрд теңгеден астам болады.

Келесі инновациялық жоба – дизельді қозғалтқышпен және аккумуляторлық батареяларды қамтитын электр жүйесімен жабдықталған, гибридті маневрлік локомотивтер. Локомотивтің негізгі артықшылықтары – отынды үнемдеу, пайдалану шығыстарды және зиянды заттар шығындарын 20%-ға төмендету, тиімділігін 15 пайызға арттыру. Келісімшарт шеңберінде Жетісу облысында локомотив-құрастыру зауытын салу көзделіп отыр, онда шарт бойынша жалпы 90 локомотив құрастыру көзделеді. Wabtec компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын Кinetix диагностикалық жүйесі вагондардың ақауларын 53 параметр бойынша нүктелік анықтау есебінен пойыздар қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл жүк вагондарын техникалық тексеруге арналған уақытты 2 сағаттан 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінде Kinetix-тің бір жиынтығы АстанаҚырқыншы станциялары аралығында орнатылған.  

Жапониялық RIKEN Kogyo компаниясының мамандарымен бірлесіп, 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейінгі кезеңдегі Көктума - № 16 жол аралығындағы ауа райына талдау жүргізілді. Өткен жылғы Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған сапары аясында жапондық «RIKEN KOGYO Inc.» компаниясымен Меморандумға қол қойылды. Жел жүктемесі мен қар басуды төмендету жөніндегі жоба аялдамалар санын азайтуға және пойыздар қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар ҚТЖ «Транстелекоммен» бірлесіп жаңа цифрлық шешімдерді іздеуге және енгізуге бағытталған «ҚТЖ Ventures» бағдарламасын іске асыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 209 өтініш келіп түсіп, іріктеуден кейін 10 жоба анықталды.

– Бүгінде 2 шешім іске асырылуда. Бірінші, Multicode платформасы – бұл теміржол тасымалын басқаруды автоматтандыру жүйесі. Сынақтар қорытындысы бос жүрістің 10%-ға төмендеуі, вагондар айналымының 15%-ға артуы және келісу мерзімінің 3 күннен 6 сағатқа дейін қысқаруын көрсетті. Екінші, Freelancity командасының шешімі - темір жол желісін болжамдау және оңтайландыру моделі. Тар жерлер мен іркілістерді алдын ала анықтауды қамтамасыз етеді, желінің толыққанды цифрлық моделін қалыптастырады және ауысымдық-тәуліктік жоспарлауды жақсартады. Екі шешім де ҚТЖ үшін қолайды, компанияның инновациялық экожүйесін дамытудың бір бөлігіне айналады, – деді спикер.  

2025 жылы «Samruk Innovation Hub» байқауына қатысу аясында ҚТЖ стартаптар мен ғылыми қоғамдастықтан озық шешімдерді талап ететін 4 технологиялық тапсырма қойылды. Әрі қарай іске асыру үшін рельстердің оқшаулағыш буындарына арналған «Магнитті-жұмсақ полюстік ұштары бар оқшаулағыш түйіспе үшін магнитсіздендіру шунты» жобасы таңдалды. Сондай-ақ, ҚТЖ «Самұрық-Қазына» қорының «Үздік инновациялық компания» жобасына белсенді қатысып, байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚда инновацияларды енгізудің арқасында өткізу қабілеті мен тасымалдау үздіксіздігі өсіп, пайдалану шығындары төмендеуде, өндірістік және логистикалық процестер жеделдетіліп, экологиялық және технологиялық әсерін беруде және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігі артуда, деген сенімде ҚТЖ өкілі.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес