Жаңа модель қалай жұмыс істейді?

Трансформация
03.03.2020, 11:04
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ трансформация бағдарламасы шеңберінде қызмет көкжиегін кеңейте түсетін жаңа модельді енгізіп отыр. Өткен жылдан бастап Компания құрылымы өзгеріп, үш негізгі блокқа бөлінді. Олар – сату блогы, логистика және операциялық қамтамасыз ету блогы. Бұл – функционалды ажыратқан кезде әр блогы өзінің жұмыс ауқымына жауап береді дегенді білдіреді.

«Біз үдерістердің ашықтығын, сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз еттік және осының бәрін IT инфрақұрылымына жүктедік. Жаңартылған құрылымдалған компания базасында біз үш негізгі бағытты – Солтүстік, Оңтүстік және Батысты айқындай отырып, филиалдық желіні дамыта бастадық», – дейді компания басшысы Дмитрий Абдуллаев. Ол сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болу үшін компанияның еліміздің ірі қалаларында, атап айтқанда, Алматы, Қостанай, Ақтөбеде филиалдары ашылған.

Компания басшысы сонымен қатар Қытай қаласы Сианьда, Шаньси провинциясының әкімшілік орталығында биыл кеңсе ашқанын айтып өтті. Ал Қытайдың жүрегінде – Сиань қаласында кеңсенің ашылуы компания дамуының стратегиялық кезеңі болып табылады. Олай дейтініміз, бұл қадам Қытайдағы негізгі серіктестермен өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Себебі, аталған провинциядан контейнерлік пойыздардың басым бөлігі жөнелтіледі екен.

Бүгінгі таңда KTZ Express-те Қытайдың 17 провинциясында, сондай-ақ Вьетнамда, Кореяда, Еуропа мен Парсы шығанағында тұрақты контейнерлік сервис жолға қойылған. Компания Сианьдағы кеңсе базасында Қытайдағы филиалдық желіні ашуды жоспарлап отыр. Мұнымен қатар Еуропадағы компания клиенттері үшін Мәскеуде және Берлинде кеңселер жұмыс істейтін болады.  

Қазіргі заманда жұмыс үдерісін анағұрлым жеделдете түсу үшін ІТ технологияларға жүгіну керек. Осы ретте, компанияның сапалы логистикалық сервисті қамтамасыз етудегі негізгі шарттарының бірі, клиенттерге қызмет көрсету үшін озық жүйелерді енгізуге бағытталғанын айтар едік. Соның бірі – өтінім берудің барынша ыңғайлы тәсілін қамтамасыз ету. Яғни, клиент компанияның Бірыңғай автоматтандырылған байланыс орталығы, веб-сайт немесе әлеуметтік желілер арқылы есеп айырысуға сұраныс бере алады.

«Біз сондай-ақ, CRM клиенттерімен өзара қарым-қатынасты басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгіздік. Жүйе клиенттермен өзара іс-қимыл циклін жүзеге асырады және біздің компанияның Фронт-офис қызметкерлерінің, яғни сату, маркетинг және сервис блоктарының ісәрекеттерін үйлестіреді. Біз сондай-ақ «Тасымалдау» ақпараттық-есеп айырысу жүйесін енгізудеміз. Бұл – кешендік жүйе, оның базасында тасымалдар, жылжымалы құрам паркін басқару процестері автоматтандырылады және жедел-қаржылық есеп міндеттері шешіледі. Ақпараттық техно-логиялардың осы өнімінің арқасында біз тасымалдарды тиімді басқаруға, вагондардың жай-күйі мен жинақталуын бақылауға, қозғалысты жоспарлауға, паркті пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткіздік», – дейді Д.Абдуллаев.

KTZ Express тек Қазақстандық нарық қатысушыларымен ғана емес, Евросиб, RailCargo, жаңа логистикалық компания, COSCO Shipping, CRIMT, CMA CGM, MSC және т.б. сияқты ірі әлемдік логистикалық компаниялармен де табысты жұмыс істеп келеді.

Компания контейнерлер айналымының логистикалық сызбасын әзірлеп, оларды жүк құрушы өңірлерде тиеу және одан әрі тағайындалған станцияға жөнелту жолын барынша тиімді қолданып келеді. «Бұл бізге вагондардың бос қайтарылуынан болатын экономикалық шығындарды төмендетіп, контейнерлік сервистің сапасын арттыруға және серіктестермен өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік беріп отыр» дейді компанияның басқарма төрағасы.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты