Отын-энергетикалық ресуурстар шығынын азайтады

Трансформация
10.04.2020, 12:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 2019 жылы локомотивтердегі отын және электроэнергетикалық шығындарды қысқарту бойынша энергожинақтаушы шараларды енгізу нәтижесінде 12 млрд теңгеден астам үнемге қол жеткізді. 

Мәселен, 2018 жылы 16, 8 мың тонна дизель отыны үнемделді, бұл ақшалай сипатта 3,5 млрд теңгені құрады. Үлестік шығын бойынша көрсеткіш 0,5 кг/ 10 мың.ткмбруттоға жақсарды.

– Локомотив шаруашылығы электрэнергиясы мен дизельдік отынды ең ірі тұтынушы сала. Энергоресурстарына кететін шығындар - бұл локомотив тартымына қызмет көрсету барысында "ҚТЖ-Жүк тасымалы"АҚ-ның бюджет шығынының басым бөлігін құрайды. Энергоресурстарының бағасы жоғары болып отырған қазіргі жағдайда, оларды үнемдеу біз үшін басымдыққа ие шара болып қалады, – дейді бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сәуірбаев.

Пойыздар тартымына жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстар шығынының есебін "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ ЭДТ) жүргізеді. Ол "ҚТЖ "ҰК"АҚ энергияжинақтау бойынша ірі жобалар қатарына кіреді. АСУ ЭДТ шеңберінде локомотив паркі нақтылығы жоғары бақылау-өлшеу аспабымен жарақтандырылған. Аспаптардың көрсеткіштері GPRS байланыс каналдары арқылы орталық серверге беріліп отырады. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ орталық аппараты мен филиалдарының құзырлы қызметкерлері АСУ ЭДТмен жарақтандырылған әрбір локомотивтің деректері мен параметрлеріне онлайн қолжетімді бола отырып, локомотивтегі отын шығынын бақылай алады.

Жүйе дизель отынын мақсатсыз жоюға мүмкіндік бермейді. Үнемдеудің тағы бір маңызды факторы ретінде, локомотивтерге экипировка жасау барысында дизель отынының шығынын азайту бойынша қабылданған шараларды атауға болады. Бұл жұмыс 2018 жылға қарағанда АСУ ЭДТ және ТЭК-тің отын-тарату бағандары көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздік деңгейін 6,8%-тен 1,04%-ке дейін және дизель отынының шығынын 35 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Ақшалай сипатта үнем 6,4 млрд.теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Сонымен қатар 2019 жылы отынды сақтау бойынша шығындарда 2,5 млрд теңге шамасында қаржы үнемделді.

Энергия тиімділігін арттырудағы позитивті фактор ретінде машинистер мен олардың көмекшілерінің отынды үнемдегені үшін марапатталуын айтар едік. Осы жылдың екі айында дизель отынын үнемдеу нәтижесіне қол жеткізген локомотив бригадаларына 113 млн теңге көлеміндегі сыйақы төленген. Биылғы жылы алда тұрған міндет – пойыздар тартымына кететін отынэнергетикалық ресурстардың үлестік шығынын бір проценттен кем емес көрсеткішке дейін төмендету болып табылады.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды