Автоматтандыру - адам факторын азайтады

Трансформация
02.06.2020, 09:18
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолда сыбайлас жемқорлықпен байланысты фактілерді болдырмау үшін қызметкерлер мен жүк жөнелтушілердің жеке байланыстары қысқарады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ осы бағытта, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

Басты міндет – еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлықты кез келген формада және көріністе қабылдамауды қалыптастыру.

Осыған байланысты, акционерлік қоғамда биылғы жыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жыл болып жарияланып, «Сыбайлас жемқорлыққа «жоқ» деп айт» ұранымен өтуде.

Теміржолдың жүк тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы шаралардың іске асырылу барысы туралы «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Мұхтар Махамбет баяндап берді.

Оның айтуынша, бүгінде жүк жөнелтушілер «Келісімшарт және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ – АСУ ДКР) арқылы қағазсыз технология бойынша онлайн-режимде тасымалдау құжаттарын рәсімдей алады.

Яғни, тасымалдау құжаттарын алу және ұсыну үшін жүк жөнелтілетін станцияға барудың қажеті жоқ. Қазіргі сәтте республикаішілік қатынаста тасымалдау құжаттарының 90%-ы қағазсыз технология арқылы рәсімделеді.

Теміржолшылар мен жүк жөнелтушілердің жеке байланыстарын болдырмау үшін айлық және декадалық жоспарлау, басқа адреске өтінім беру процестері автоматтандырылды. Қазіргі кезде ГУ-12 және ГУ-11 формасындағы барлық өтінімдер ККЖ АБЖ арқылы тек қана электрондық нұсқада жүк жөнелтушілермен жөнелтіледі және түзетіледі.

Сонымен қатар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлерімен құжаттардың келісілуі де электрондық нұсқада өтеді. – Сондай-ақ, ККЖ АБЖ-де жаңа функционал әзірленді, ол вагондарды беру және жинау ведомосын, қосымша алымдардың жинақтау карточкаларын, ЭЦП-ны қолдана отырып, ресімделген қағазсыз технология бойынша ГУ-23 жалпы нысандағы актілерді қалыптастыруға және есептеуге мүмкіндік береді. Көкшетау-1, Екібастұз, Нұра және Топар станцияларында пилоттық режимде вагондарды беру және жинау ведомостары мен есепке алу карточкаларын ресімдеу процедурасы автоматтандырылмақ.

Бұл клиенттердің теміржолшылармен тікелей байланысқа шығуына жол бермейді. Жалпы формадағы электрондық актіні және вагондарды беру/алып кету туралы ведомосты есептеуді ресімдей отырып, станциялық және магистральдық жолдарда вагондардың тұрып қалуын есептеудің автоматтандырылған режиміне көшу бойынша тест жұмыстары Көкшетау-1 станциясында өтеді, – деген Жүк тасымалы өкілінің пікірінше, автоматтандыру процесі адам факторын азайтады, демек жемқорлықты да жоюға ықпал етпек. Мұхтар Махамбеттің айтуынша, ұжымдарда бірыңғай түсіністікті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және құпия ақпарат беру саясаты бекітілді. Құжаттар корпоративтік вебсайтта орналастырылған.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адал жол» жобалық кеңсесі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.

Сонымен қатар корпоративтік веб-сайтта, орталық аппараттың кеңселерінде, сондай-ақ өңірлік бөлімшелерде сенім телефоны туралы ақпарат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «Адал жол» кеңсесінің байланыстары, «8 800 080 19 94 жедел желі» жұмыс істеуі бойынша баннерлер орналастырылған. Басшылар мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарына қарамағындағы қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы ереже енгізілген. Сондай-ақ, кадрларды ашық іріктеу және конкурстарға тауарлар мен қызметтерді сатып алу, тауарларды қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық өкілдері шақырылады.

«Әр айдың бірінші дүйсенбісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті талдау күні» болып жарияланды. Бұл күні ұжымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі актілердің нормалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығын ашық талқылаған және біздің қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдаған кездесулер өткізіледі.

Жүк жөнелтушілермен өткен әрбір кездесуде бірінші кезекте жол бөлімшелері басшылары тарапынан қандай да бір қарсы әрекеттің болып-болмағаны туралы мәселе көтеріледі», – деп атап өтті М.Махамбет. 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды