Ұлыбританияда Alstom компаниясының Aventra маркалы жаңа пойыздары Лондон мен Нортгемптон арасындағы 95 шақырымдық бағытта қатынай бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бірінші болып жолға шыққан – бес вагоннан тұратын екі электропойыз (730/2 класы). 2026 жылдың соңына дейін West Midlands Railway компаниясы осы сериядағы 36 пойызды толық пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Жаңа бесвагондық Aventra пойыздары бұрынғы модельдерге қарағанда жетілдірілген: жылдамдығы – 177 км/сағ, жолаушы сыйымдылығы – 406 адам. Ал үшвагондық нұсқада бұл көрсеткіш – 199 орын.

Пойыздар заманауи климат-бақылау жүйесімен және еденді жылытумен жабдықталған, сондай-ақ вагондар арасындағы еркін өтуге мүмкіндік беретін құрылыммен ерекшеленеді.

Aventra пойыздары бастапқыда Bombardier Transportation компаниясымен 2017 жылы келісілген. Кейін 2021 жылы Bombardier Alstom құрамына енді. Барлық құрамдар Дерби қаласындағы зауытта жиналады.