Өзбекстанда тағы екі бағытта жоғары жылдамдықты пойыздар қатынайды

Әлемде
18.06.2026, 13:50
Сурет: «Узбекистон темир йуллари» АҚ

Өзбекстан жоғары жылдамдықты теміржол желісін кеңейтуді жалғастырып жатыр. Ел астанасы Ташкенттен Әндіжан мен Термезге қатынайтын жаңа жоғары жылдамдықты пойыздарды іске қосу жоспарланып отыр деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы мақсатта Оңтүстік Кореяда «Узбекистон темир йуллари» АҚ мен Көлік министрлігінің өкілдері Hyundai Rotem компаниясымен келіссөздер өткізіп, сегіз заманауи электрпойызды жеткізуге арналған техникалық талаптарды келісті. Жаңа құрамдар таулы аймақтарда, құмды дауыл мен +44 градусқа дейінгі аптап ыстықта жұмыс істеуге бейімделеді.

Жаңа бағыттар елдегі жоғары жылдамдықты теміржол желісін дамыту бағдарламасының жалғасы болмақ. Биыл Ташкент – Шахрисабз және Ташкент – Хиуа бағыттарында да жүрдек пойыздар қатынай бастады. Сонымен қатар, Ташкент пен Самарқанд арасындағы алғашқы толыққанды жоғары жылдамдықты магистральдің құрылысы қолға алынған. Жоба жүзеге асқаннан кейін екі қала арасындағы жол жүру уақыты қазіргі 2,5 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқарады.

Туризм саласы мамандарының пікірінше, жоғары жылдамдықты пойыздар ішкі туризмді дамытуға серпін беріп, өңірлер арасындағы қатынасты жеңілдетеді. Бүгінде мұндай пойыздар Өзбекстанның жаңа көлік брендіне айналып келеді.

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді