Өзбекстан мен Пәкістан Трансауған теміржолы жобасын жеделдетуді талқылады

Әлемде
15.07.2026, 09:58
Сурет: ЖИ

Өзбекстан мен Пәкістан өкілдері Трансауған теміржолы құрылысы жобасын іске асыру барысын талқылады. Жиында техникалық-экономикалық негіздемені дайындауды жеделдету мен жобаның практикалық кезеңіне көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Дунё» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл мәселелер Исламабадта өткен кездесуде қаралды. Жобаны Өзбекстанның Пәкістандағы Елшісі Әлішер Тоқтаев пен Пәкістан Теміржол министрінің бірінші орынбасары Мазхар Әли Шах талқылады.

Теміржол жобасынан бөлек, тараптар бірлескен көлік-логистикалық бастамаларды дамыту және жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін де сөз етті.

Пәкістан тарапы бұл теміржолдың аймақ елдері үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені бұл жоба жүк тасымалының көлемін арттыруға және Орталық әрі Оңтүстік Азия арасындағы көлік байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Өзбекстан өкілдері далалық зерттеу жұмыстарын бастауға қажетті ұйымдастыру шараларының аяқталғанын мәлімдеді. Жобаны іске асыруды тездету мақсатында тараптар қатысушы елдердің бейінді мамандарымен онлайн-кездесу өткізуге уағдаласты.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді