Грузия құны 1,7 миллиард доллардан асатын теміржол көлігін жаңғыртудың 10 жылдық бағдарламасын бастамақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жобаның алғашқы ірі кезеңі аясында шамамен 350 миллион долларға 45 жүк электровозы сатып алынбақ. Бұл бастама Орта коридордың грузиялық бөлігін дамыту бағдарламасына кіреді.

Жалпы алғанда 50-ге жуық локомотив пен 1,5 мың вагон сатып алу, Хашури қаласында жаңа локомотив депосын салу және теміржолдың өткізу қабілетін жылына 15 миллионнан 30 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланған. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында елдің теміржол желiсi арқылы 6,9 миллион тонна жүк тасымалданды - бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық.