Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты

Әлемде
14.09.2026, 11:11
Оқуға 1 мин
Сурет: Ресей ТЖМ

Ресейде теміржол инфрақұрылымындағы жылжымалы құрамның рельстен шығуы мен соқтығысу жағдайлары көбейген. Мемлекеттік теміржол қадағалау қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 150 оқиға тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 133 жағдаймен салыстырғанда 13%-ға көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Ресей темір жолдары» (РЖД) инфрақұрылымында да көрсеткіш 13%-ға өскен. Жеті айда 143 жағдай тіркелсе, 2025 жылдың осы кезеңінде олардың саны 127 болған. Шығыс полигонында өсім айтарлықтай жоғары болып, 50 оқиға тіркелген. Бұл былтырғыдан 43%-ға көп.

Теміржолдар арасында ең жоғары өсім Горький теміржолында байқалған. Мұнда оқиғалар саны былтырғы 4-тен биыл 17-ге дейін артқан. Ал Батыс Сібір теміржолында, керісінше, 20-дан 11 жағдайға дейін азайған.

Мамандар жалпы пайдаланымдағы теміржолдардағы оқиғалардың негізгі себептері ретінде маневрлік жұмыстар технологиясының бұзылуын (54 жағдай), жолды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді (50) және жылжымалы құрамды жөндеу талаптарының сақталмауын (35) атап отыр.

Жалпы пайдаланымға жатпайтын теміржолдарда қаңтар-шілде аралығында 193 рельстен шығу және соқтығысу жағдайы тіркелген. Былтыр бұл көрсеткіш 182 болған. Өсім 6%-ды құрады.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл