KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
«Тәжік темір жолы» мен Корея теміржол корпорациясы (KORAIL) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Seoul Economic Daily жазды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұған дейін KORAIL тәжікстандық әріптестерімен бірлесіп, Душанбе қалалық теміржол жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеген. Жоба бойынша бағыт Душанбе қаласының Оңтүстік қақпасынан циркке дейінгі аралықты қамтиды.
Енді Корея теміржол корпорациясы Душанбе метросының базалық және егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ Тәжікстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуды жоспарлап отыр.
Тәжікстан астанасында метро салу мәселесін ресми зерттеу 2022 жылдың наурызында басталған.
Арада бір жарым жыл өткен соң Кореяның Экспорт-импорт банкі (Korea Eximbank) алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жобаны егжей-тегжейлі әзірлеуге қаржы бөлді.
Нақты бағыттар бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жөніндегі келісімге 2025 жылдың қарашасында қол жеткізілген. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2026 жылдың шілдесіне дейін аяқталуы тиіс еді.