ТХКБ – жүк тасымалдаудың тиімді дәлізі

Жүк тасымалы
25.11.2022, 09:43
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қытайдан Еуропаға Қазақстан, Әзербайжан және Грузия аумағы арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) немесе логистер тіліндегі Middle Corridor жүк тасымалдау үшін тиімді сауда дәлізі болуы мүмкін. Әсіресе әлемдік деңгейде болып жатқан саяси-экономикалық шиеленісті жағдайлар тасымалға деген сұраныстың күрт өсуіне әкелді. Ал бұл өз кезегінде аталған бағдардың дамуына қосымша серпін берген болатын. Жобаға қатысушы 8 ел және 20 ірі компания бұл мүмкіндікті уыстарынан шығарып алмақ емес. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін ТХКБ-ның өткізу қабілетін кемінде екі есе арттыруды алдарына мақсат етіп қойып отыр.

Бағдарға геосаяси жағдай қалай әсер етті? 

– Қазіргі әлемдік жағдайда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған үш негізгі экспорттық бағыт бар. Біріншісі Қытай арқылы Ляньюньган портына және басқа порттарға экспорттау бағдары болса, екіншісі – Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығу жолы, үшіншісі – ағымдық геосаяси жағдайында ТХКБ. Және де бұл соңғысы қазіргі уақытта ең негізгі бағдар болып отыр. Осы ретте 2014 жылы Middle Corridor құру бастамасын көтерген Қазақстан билігіне, сондай-ақ осы жобаны қолдаған және оны дамытуға инвестиция салған елдерге бүгін үлкен алғыс білдірген жөн болар, – дейді «ТХКБ» қауымдастығының бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов.  

Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты жаһандық саясат Еуразия құрлығындағы жүк тасымалы мен логистикалық жағдайға да елеулі өзгерістер әкелген. Дәстүрлі маршруттар өзектілігін жоғалта бастаған. Қақтығыстарға бейтараптылық танытқан елдердің жүк жөнелтушілерінің өздері жүк ағынын қайта бағыттап, өз жүктерінің діттеген жеріне шашау шықпай жетуі үшін балама түрлерін іздей бастаған. Міне, осындай жағдайлар ТХКБ бағытында жүктеменің күрт өсуіне әкеліпті. Жылдың басынан бері тасымал көлемі бірнеше есе өскен.

MIDDLE CORRIDOR-ды дамытуға мүдделілік  

Бүгінгі таңда ТХКБ жүк ағындарын дамыту және тарту мақсатында магистральдық инфрақұрылым иелерін, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Румыния, Польша, сондай-ақ Қытайдың әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушыларды біріктіретін «ТХКБ» Халықаралық Қауымдастығы» ЗТБ жұмыс істеп жатыр. 2016 жылы құрылған Қауымдастықтың штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан.  

Ал ТХКБ жобасына қатысушы тараптардың күш біріктіруінің арқасында 2017 жылы ҚХР/КЗХ – Құрық/Ақтау – Баку/ Алят – Батуми/Поти бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге, сондай-ақ, Баку – Тбилиси-Карс жаңа желісі арқылы Қазақстаннан, ҚХР-дан, Орта Азия елдерінен Түркияға, Әзербайжанға, Грузияға, Украинаға, ЕО және басқа да елдерге немесе олардан экспорттық жүктері бар вагондар мен контейнерлерді тасымалдауға бекітілген кешенді ставкалар бойынша тұрақты мультимодальды көлік сервисі жолға қойылған.  

ҚР ИИДМ-не қарасты Көлік саясаты және инфрақұрылым департаментінің бас сарапшысы Жайнар Әсілбекова ТХКБ-ны дамыту жөніндегі Жұмыс тобының отырыстарында бағдар жобасына қатысушы елдермен жыл сайын алдағы жылға қолайлы тарифтік ставкалар қарастырылып, бекітілетінін айтады. Және де қауымдастықтың барлық жүк тасымалдау операторлары оны орындауға міндеттеледі екен.  

– 2017 жылдан бастап ТХКБ маршрутында, Қытайдан/Қазақстаннан/ОА елдерінен Түркияға, Румыния, Украина, Польшаға, сондай-ақ кері бағытта вагондық тасымалдауға 10 позиция бойынша, фидерлік кемемен контейнерлік тасымалдауға 23 бағыт бойынша, ал паромдық қатынаспен 11 бағыт бойынша тарифтер базалық деңгейден шамамен 60%-ға төмендеді. Соның нәтижесінде ТХКБ бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Мәселен, 2018 жылы өткен жылға қарағанда 13 еседен астам өсіп, 3,9 мың контейнерді (2017 жыл – 0,3 мың ЖФЭ) құраса, 2019 жыл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 7,4 мың контейнерді (2018 жыл – 3,9 мың ЖФЭ), 2020 жыл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 8,1 мың контейнерді (7,4 мың ЖФЭ) құрады. Ал 2021 жыл өткен жылмен салыстырғанда 81%-ке өсіп, 14,7 мың контейнерді (2020 ж. – 8,1 мың ЖФЭ) құрады, – дейді Көлік ведомствосының өкілі.  

Бүгінгі таңда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдары қазақстандық экспортты және транзиттік жүктерді тасымалдау үшін негізгі балама бағыт болып табылады. Бағдардың ұзындығына келсек, Алтынкөл – Ақтау – Баку – Батуми/Поти бағдары 4 479 км, Алтынкөл – Ақтау – Баку – Карс – Стамбул – 6 180 км-ді құрап отыр. ТХКБ-ның жалпы өткізу қабілеті жылына 6 млн тоннаны, соның ішінде 80 мың ЖФЭні құрайды.  

Айқын мақсат нақты іске ұласуда  

– Жалпы техникалық іске асыру тұрғысынан ТХКБ – теңіз және теміржол көлігі өзара белсенді әрекеттесетін күрделі мультимодальды маршрут. Сондықтан инфрақұрылым мен қызметтерді дамытуға айтарлықтай инвестиция қажет болды. Бірақ бүгінде бұл шешім өзін толығымен ақтады. Middle Corridor – біздің елге ғана емес, өзгелерге де табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын маршрут өз қуатының төрттен бір бөлігінде жұмыс істесе, биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде жүктеме 95%-ды құрады. Қолданыстағы бірегей сервистерге келсек, бұл Каспий порттары – қазақстандық Құрық пен әзербайжандық Алятты байланыстырып отырған паром өткелі және Баку мен Ақтау порттары арасындағы фидерлік қатынас. Соңғы екі порт арасында екі фидерлік кеме жұмылдырылған. Биыл фидерлік кемелердің санын алтыға дейін арттыру жоспарда бар, ол үшін Каспий теңізінде жаңа порттар ашылуда, – дейді «ТХКБ» қауымдастығының бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов.  

Фидерлік байланыстың жаңа тармағы Ақтау теңізінің солтүстік терминалы мен Әзербайжандағы Говсан портын байланыстырады. ТХКБ-ның дамуы үшін 2022 жылдың 18 сәуірінде Қара теңізде сыйымдылығы 400 ЖФЭ-ні құрайтын Поти – Констанца фидерлік қатынасы, яғни жаңа сервис іске қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Ақтауда контейнерлерді жинақтау және сұрыптау бойынша қуаттылығы мықты үдемелі құрылыс жүргізуге мәлімдеме жасады. Оған 19 гектар жер бөлінді. Өз кезегінде Әзербайжан да өз аумағында маршруттың белсенді дамуына мүдделілік танытуда. Олар Армения арқылы Түркияға шығатын Әзербайжанның оңтүстігінен өтетін жаңа тармақ – Зангезур дәлізін салуға ниетті. Бұл дегеніміз, қарқынды құрылыс нәтижесінде, 3-5 жылдан кейін бұл бағыт ТХКБ-нің өткізу қабілеттілігін едәуір арттыра түспек. Сонымен қатар Middle Corridor бағытын дамытуға Грузияның Кулеви портының қуаты тартылмақ, ал оның мұнай тиеу қуаты жылына шамамен 10 миллион тоннаны құрайды.  

Енді жыл басынан бергі он айдың көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, онда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 1,47 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,1 есе өскенін байқар едік. Ал контейнерлік тасымалдың өсімі 44% құраған. Бұл дегеніміз, 29338 ЖФЭ-ні, ал өткен жылы осы уақыт ішінде 19399 ЖФЭ-ні құрапты.  

«Тар» жерлерді жою жолдары  

Сонымен, жүк тасымалдау көлемінің күрт өсуімен көлік инфрақұрылымына да жүктеме де өсті. Ал бұл сервиске әсер етіп, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарындағы «тар» жерлерді анықтауға ықпал етті. Осы ретте, бағдардың ең тар жерлері ретінде Әзербайжан және Грузия теңіз порттарындағы, темір жолдар мен тораптық станциялардағы инфрақұрылымдық шектеулерді, жылжымалы құрамның, яғни локомотив тартымының, фитингілік платформалар мен жабық вагондардың жетіспеушілігін атар едік.  

Осыған орай, ағымдағы жылдың 27 маусымында Бакуде Әзербайжан, Қазақстан, Түркия сыртқы істер министрлері мен көлік саласына жауапты министрлердің алғашқы үшжақты отырысы өтіп, онда Баку декларациясына қол қойылды.  

– Осы декларацияда Министрлер өз мемлекеттерінің транзиттік әлеуеті мен ТХКБ-ның транзиттік мүмкіндіктерін ілгерілету үшін өңірлік ынтымақтастықты ұйымдастыру шеңберінде жалпыға бірдей ұстанымдарды қалыптастыру үшін үйлестіруді күшейту қажеттілігін растады. Бұдан басқа, Орта дәлізді өңірлік және халықаралық көлік жүйесіне интеграциялаудың маңыздылығы атап өтілді. Өйткені ол маршруттың инфрақұрылымын нығайту жөніндегі жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аса қажет. Осы мақсатта ТХКБ әлеуетін арттыру үшін 2022-2027 жылдарға арналған «тар» жерлерді синхронды жою және ТХКБ әлеуетін дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді, – дейді ҚР ИИДМ Көлік саясаты және инфрақұрылым департаментінің бас сарапшысы Жайнар Әсілбекова.  

Атап өтерлігі, 2022 жылдың 25 қарашасында Ақтау қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия Сыртқы істер және көлік министрлерінің кездесуі жоспарланған. Онда Жол картасына қол қою күтілуде. Бұл шаралар 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.  

 

Аймақтар
25.12.2025
Үздіктер анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан желісінің құрылысын қаржыландыру тәртібі анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында 80 мыңнан астам ҚТЖ қызметкері марапатталды
Спорт
25.12.2025
Адал достықтың үлгісін көрсетті
Әлемде
24.12.2025
Ташкент пен Қазан арасындағы пандемияға байланысты үзілген теміржол қатынасы қайта жанданды
Жаңалықтар
24.12.2025
ҚТЖ «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырады
Жаңалықтар
24.12.2025
Теміржол саласындағы 2025 жылдың негізгі оқиғалары
Әлеумет
24.12.2025
ҚТЖ ардагерлері Жаңа жыл қарсаңында спорттық рухтарын көрсетті
Жаңалықтар
24.12.2025
Олжас Бектенов пен Alstom теміржол өндірісін талқылады
Инфрақұрылым
23.12.2025
Вокзал құрылысы бақылауда
Жаңалықтар
23.12.2025
«Қауіпсіздік білгірлері» байқауының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
23.12.2025
Жетістіктер сараланды
Сұхбат
23.12.2025
Қауіпсіздікті сақтауда тәртіп қажет
ҚТЖ келбеті
23.12.2025
ҚТЖ – жүлделер көшбасшысы
Аймақтар
23.12.2025
Вагондарды жөндеу сапасы сөз болды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №107 23 желтоқсан 2025 жыл
Аймақтар
22.12.2025
Облыс әкімі теміржолшылар әулетін марапаттады
Аймақтар
22.12.2025
Қолайлы жағдай жасалуда
Аймақтар
22.12.2025
Семей – Ақтоғай аралығында рейд: теміржол бойындағы күзет жұмыстары тексерілді
Жаңалықтар
22.12.2025
Темір жолдарда 65 мың текше метрден астам қар жиналды