Қазақстан аумағы арқылы 13 транзиттік дәліз өтеді

Жүк тасымалы
20.08.2024, 11:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда көлік саласының негізгі күші еліміз арқылы транзитті кеңейтуге бағытталған. Жақында «Магистраль» сарапшылар форумында сала мамандары осы тақырыпты талқылады.

Форумға қатысқан «KTZ Express» АҚ теміржол тасымалы департаментінің директоры Дария Қалиеваның айтуынша, соңғы 15 жылда Қазақстан транзиттік инфрақұрылымды дамытуда айтарлықтай серпінді жұмыстар жүргізе отырып, Еуропа мен Азия арасындағы маңызды транзиттік тораптың біріне айналды. Қазақстан аумағы арқылы бүгінде 13 көлік дәлізі, соның ішінде 5 теміржол және 8 автомобиль дәлізі өтеді.  

– Көлік-логистикалық кешенді дамыту үшін еліміздің транзиттік әлеуетіне 35 млрд доллар қаржы инвестиция салынған. 13 мың км-ден астам автожол жаңғыртылып, 2,5 мың км теміржол салынған. Бүгінгі таңда ТХКБ бағдары бойынша барлық қатысушы елдердің инфрақұрылымын жақсартудың бірқатар жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде Ақтау порты контейнерлік хаб құрылысы, Қытай-Қазақстан шекара өткелінің жаңа нүктесінде құрғақ порт салу, сонымен қатар ТХКБ-ге жанама өтетін Қара теңізге апарар жолдағы елдердің транзиттік қуаттылығын ұлғайту және біріктіруге бағытталған жобалар бар, – дейді Дария Қалиева.  

Жиынға қатысушылар сонымен қатар Алтынкөл шекара станциясынан Поти мен Батуми порттарына бет аталатын контейнерлік шатл-пойыздардың іске қосылғанын тілге тиек етті. «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі ЕАЭО-дан Үндістан, Пәкістан және жақын Азия елдеріне жүк жеткізудің ең қысқа бағдары ретінде аталды. Спикердің айтуынша, Ресей, Түрікменстан, Иранмен бірге аталған бағдарды контейнерлік және вагондармен тасымалды жүзеге асыратын бағдар ретінде дамыту үшін бәсекеге қабілетті тарифтер әзірленген. Бүгінде бұл бағдар бойынша көмір, қара металл, минералдар мен астық тасымалданады.  

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы теміржол көлігі мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Мұрадым Кұлтай осы «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің Қазақстан үшін маңызына тоқталды. Дәліздің болашағы мен мүмкіндіктері зор екенін жеткізді.  

– Бағдарды дамытудың объективті себептері бар. Әсіресе Каспийде мүмкіндіктер шектеулі. Бұл ретте Ресей теңіз арқылы бағдарды пайдаланып, Иранға жүк ағынын арттыруда. Түрікменстан, Ресей, Әзербайжан осы ағынды өңдеп үлгере алмай жатыр. Тағы бір мәселе ауа-райына байланысты туындайды, сол қолайсыздық осы ағын бойынша қозғалысты белгілі бір мерзімге тоқтата тұруға мәжбүр етеді. Одан басқа маңызды фактор – су астын тереңдету жұмыстарын қысқамерзімді жүргізу жұмыстары да теңіздегі тасымалды тоқтатуға әкеледі. Осының бәрі «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту қажеттігін және оған неғұрлым көбірек клиент тарту керектігін көрсетеді, – дейді спикер.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды