Трансеуразиялық транзит перспективасы қандай?

Жүк тасымалы
11.10.2024, 08:23
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстандағы транзиттік тасымалды дамыту перспективалары мен қазіргі мүмкіндіктері туралы «KTZ Express» АҚ жаңа жобалар және маркетинг жөніндегі атқарушы директоры Әсем Мұхамедиева айтып берді.

Мәлімдеуінше, биыл елімізде 8 айда транзиттік тасымал көлемі 20 футтық эквивалент бойынша 350 контейнерге жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қытай-Еуропа-Қытай бағдарында тасымал көлемінің артқаны байқалған. ТХКБ бойынша да тасымал айналымы қарқынды өсіп жатыр.  

– Өткен 8 айда алдыңғы жылмен салыстырғанда ТХКБ бағдарында тасымал көлемі 10 есе артты. Жалпы жүк тасымалының артуында оң динамика бар. Компания осы бағытта жаңа логистикалық сервистер құру үшін қарқынды жұмыстар жүргізуде. Биыл Трансауған бағыты бойынша тауар жөнелтуде қанатқақты жоба іске қосылды. Қазақстаннан шығатын Трансауған дәлізі арқылы Павлодар қаласынан Джабаль-Али портына дейін контейнерлер жөнелтілді, ол Өзбекстан, Түрікменстан аумағынан өтіп, БАЭ портына дейін 34 тәулікте жетті. Бұл мультимодальды бағдар компаниядағы тариф шарттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, – дейді Ә.Мұхамедиева.  

Қазір аталған компания Ақтау порты базасында қытайлық әріптестермен бірге контейнерлік хаб құрылысын жүргізуде, бұл ТХКБ орта дәлізін дамытуда маңызды жоба саналады, яғни Ақтау портының Каспий теңізіндегі ірі контейнерлік хаб ретінде қалыптасуына септік етеді.  

– Биыл тамыз айында компания клиенттерге арнап Бірыңғай сандық терезе порталын іске қосты. Оның мақсаты – тасымал үдерісінің барлық қызметтерінде бірігетін клиенттер үшін бірыңғай кеңістік құру. Бұл портал іске қосылғанға дейін клиенттер бір тасымалдау процесі үшін сол процеске қатысты барлық қызметтерге жүгінуге мәжбүр болған, ал қазір олар соны БСТ, яғни бірыңғай сандық терезе арқылы жылдам жүзеге асырады, бұл клиенттер үшін өте тиімді қызмет болып отыр, – дейді спикер.  

Қазақстан бүгінде халықаралық логистикадағы өзінің беделін нығайту жолында батыл қадамдар жасауда. Транзиттік тасымалдың артуы, жаңа бағдарлар мен логистикалық сервистердің дамуы және халықаралық бастамаларға белсенді қолдау білдіруі елімізді Еуразиялық көлік нарығында негізгі «ойыншыға» айналдыруда. Әсіресе инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуі Қазақстанның ағымдағы сын-қатерлерге төтеп беріп қана қоймай, тасымал көлемінің артуына дайын болуын да қамтамасыз етуде. Хабтарды дамыту және көлік дәліздерінің өткізу қабілетін кеңейту сервис сапасын арттыруға, болашақта тұрақты тасымал өсімін қамтамасыз етуге ықпал етуде.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды